Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан AZAL-ға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ құлаған.

 ТЖМ Бүгiн 2026, 20:44
Бүгiн 2026, 20:44
184
Фото: ТЖМ

Ресей мен Әзербайжан 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында орын алған AZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселені реттеді.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдеме таратты. Онда Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы президенттерінің 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес, тараптар Embraer 190 ұшағы апатының салдарын, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін тиісті түрде реттеуге келгені айтылған.

Сондай-ақ мәлімдемеде AZAL әуе компаниясы әуе кемесінің құлау себебі - «Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс  жүйесінің байқаусызда жасаған іс-қимылдары» екені көрсетілген.

Жасалған қадамдар одақтастық өзара іс-қимыл аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі құруға деген ортақ ұмтылысты растайды. Өзара құрметке, сенімге және тараптардың мүдделерін ескеруге негізделген Ресей-Әзербайжан байланыстарының үдемелі дамуы алдағы уақытта да тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға және екі мемлекет халықтарының мүддесі үшін ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдіреміз, - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Тараптар әуе кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына және осы қасірет тиген жандардың барлығына тағы да қайғыра көңіл айтты.

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ құлады

Ақтауда құлаған ұшақта 6 қазақстандық болған.

Наверх