Бектенов: Қазақстан мен Түркия экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп жатыр 

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда өсіп, инвестиция миллиардтаған долларға жетті. Бектенов жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 15:29
Бүгiн 2026, 15:29
117
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда мен инвестиция көлемі артып келеді.  Бұл туралы Қазақстан-Түркия инвестициялық дөңгелек үстел отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметаралық комиссияның отырыстары аясында мұндай шараларды өткізу игі дәстүрге айналып, бауырлас елдеріміз арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтатын тиімді алаң ретінде қалыптасты. Түрік мемлекеті біз үшін маңызды стратегиялық серіктес саналады. Екі ел арасындағы байланыстар барлық салада белсенді дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Мәселен, Қазақстанмен өзара тауар айналымы бойынша Түркия негізгі сауда серіктестердің жетекші бестігіне кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі шамамен 9 пайызға өсті. Біз екі ел экономикасының қолда бар резервтерін ескере отырып, өзара сауданы арттыруға мүдделіміз, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының дерегінше, соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде түрік инвесторлары Қазақстан экономикасына 6 млрд доллардан аса инвестиция құйды. Ал Қазақстаннан Түрік Республикасына салынған инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млрд долларға жетті.

Қазіргі таңда елімізде түрік капиталының қатысуымен 5 мыңнан астам кәсіпорын тіркеліп, бірлескен күш-жігердің арқасында мыңдаған жұмыс орындары ашылды, – дейді ол. 

Бектеновтың сөзінше, бұл көрсеткіш түрік бизесінің Қазақстанға деген жоғары сенімін көрсетеді. 

Бүгінде Қазақстанда жалпы құны шамамен 9,5 млрд долларды құрайтын 170-тен астам бірлескен жобалар пулы бар, - дейді Премьер-министр.

Айта кетейік, Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз Қазақстан-Түркия инвестициялық дөңгелек үстелінің аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Сөзінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда 15 млрд долларға жетуі мүмкін.

Наверх