Болашақ зейнетақыңыз қанша болады? БЖЗҚ онлайн есептеу жолын көрсетті

Зейнетақыны алдын ала есептеу мүмкіндігі туды.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 17:30
Бүгiн 2026, 17:30
234
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Енді болашақ зейнетақы мөлшерін алдын ала білуге болады. БЖЗҚ ыңғайлы калькуляторды іске қосты. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында болашақ төлемдерді бағалауға арналған онлайн-сервис - зейнетақы калькуляторы қолжетімді болды. Қор мамандарының түсіндіруінше, бұл құрал зейнетақы мөлшерін алдын ала болжауға және қаржылық болашақты тиімдірек жоспарлауға мүмкіндік береді.

Болашақ зейнетақының көлемі еңбек өтіліне, жалақы мөлшеріне және жарналардың тұрақтылығына тікелей байланысты. Сондықтан мезгіл-мезгілмен болжам жасап, жинақтарды бағалап отыру маңызды, - деп атап өтті БЖЗҚ өкілдері.

Есептеу үшін не қажет?

Болжамды нәтижені алу үшін пайдаланушы негізгі көрсеткіштерді енгізуі керек. Атап айтқанда:

  • Туған күні;

  • Еңбек өтілі;

  • Жалақы мөлшері;

  • Қазіргі зейнетақы жинақтары;

  • Жарналардың жиілігі.

Сонымен қатар, жеке кабинетке авторлану арқылы кірген жағдайда, деректердің бір бөлігі автоматты түрде толтырылады. Бұл есептеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Болашақ зейнетақыны қалай көбейтуге болады?

Қор калькулятордың кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалануға кеңес береді. Мысалы, ерікті жарналарды қосқан кезде, сервис болашақ зейнетақының қаншалықты артатынын бірден көрсетеді. Бұл қосымша жинақтардың тиімділігін бағалап, нақты қаржылық стратегия құруға көмектеседі.

Еске салайық, бұған дейін енді қайтыс болған адамның зейнетақысын туыстары бірреттік төлеммен ала алатынын хабарладық. 

Тағы оқи отырыңыздар:

15 сәуірден бастап зейнетақы жинағындағы ақшаны тіс емдеуге қайтадан пайдалануға болатыны рас па?

132 мың адам зейнетақы шотында түк қалдырмаған – Министрлік шектік межені өзгертеді

Зейнетақы мен жалақы шоттары бұғаттан шығады: Әділет министрлігі арест қалай шешілетінін түсіндірді

Наверх