Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндіріліп, 95 борышкер қамалды

Алматы облысында алимент төлемегендерден 500 млн теңге өндірілді. 13 адамға қылмыстық іс қозғалып, 95 борышкер қамауға алынды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 09:58
Бүгiн 2026, 09:58
124
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысының прокурорлары 2026 жылдың үш айында алимент бойынша 500 млн теңге сомаға берешек өндірді.

13 қасақана төлемеушіге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау).

Оның ішінде 3 адам нақты жазалау шараларымен сотталды, қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Бір мезгілде прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік объектісі (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөлік) берілді.

Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді.

Қабылданған шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарған адамдар үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуының тұрақты тәжірибесін қалыптастырады.

Алимент міндеттемелері әлеуметтік маңызы бар және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды прокуратура.

Алимент төлеуден жалтарудың әрбір фактісі заңда белгіленген тәртіппен жолын кесетін болады.
 
Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында балаларға тиесілі ақшаны ұстап қалған сот орындаушысы қызметінен қуылды.

Наверх