Президент жаңа заңдарға қол қойды

Заңнамаға қандай жаңалықтар енді?

 Ақорда Бүгiн 2026, 20:53
Бүгiн 2026, 20:53
121
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды.

Мемлекет басшысы «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Наверх