Қазақстанның кей аудандарында термометр бағаналары 18 градус аязға дейін төмендейді.
«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, 16-18 сәуір аралығында Қазақстандағы ауа райын екі барикалық құрылым анықтайды.
Батыстан шығысқа қарай жылжып келе жатқан циклон ауа райының тұрақсыз сипатын тудырады: жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтары солтүстік антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан күн суытады деп болжануда, - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады.
Ауа температурасының төмендеуі кезеңнің басында солтүстікте түнде –1...–8°C-қа дейін, күндіз +1...+8°C-қа дейін, кезеңнің соңында шығыста түнде –2...–18°C-қа дейін, күндіз 0...+13°C-қа дейін жетеді деп болжануда.
Қалған аумақтарда температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Еске салайық, бұған дейін сәуір айында ауа райы қандай болатыны айтылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алдағы күндері күн күрт суытады: Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады
2026 жылғы көктем: Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі әлі де жоғары?
Фоторепортаж: Астанаға көктем кеш келеді