Все новости за 9 қазан 2026
-
-
Тұман, жел. Сенбіде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
10 қазанда ел астанасында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
-
Нобель бейбітшілік сыйлығы оңтүстікафрикалық құқық қорғаушы Нави Пиллэйге берілді
Сыйлықтың ақшалай бөлігі 12 миллион швед кронын (шамамен 537,6 миллион теңге) құрайды.
-
Қазақстан мен Италия 436 миллион долларға ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Оған Қазақстан делегациясы мен Италияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты.
-
Елде тұрғын үй секторындағы өрт 16 пайызға азайған
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, тұрғын үйлерді тексеріп жатыр.
-
ТМД елдерінде 2028 жыл әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы болып жарияланды
Бұл бастаманы Қырғызстан көтерген болатын.
-
Каспийдегі қаза: әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілді
Қаза тапқан сарбаздардың отбасылары мен аман қалған әскери қызметшілерге көмек арнайы комиссияның шешімімен бөлінді.
-
Астанада оқушылар аялдаманың бейнебақылау камерасын сындырды
Елордада кәмелетке толмаған екі оқушы аялдамадағы бейнебақылау камерасын бүлдірді.
-
Маусымдық тұмау Қазақстанның екі өңіріне жетті
Қазақстанда тұмаудың алғашқы жағдайлары бес адамнан расталды. Ал соңғы аптада ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) жұқтырғандар саны 10,2%-ға азайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері 240 мыңнан астам
-
Оралда екі жасөспірім биіктен құлап қаза тапты: Полиция тергеуді бастады
Оралда жасөспірімдер шатырдан құлады.
-
Бордақылау алаңын салғысы келген инвесторға кедергі келтірген әкім жауапқа тартылды
Біржан сал ауданының прокуратурасы бордақылау алаңын салу жобасын іске асырып жатқан «Zere Agro Holding» ЖШС-ның құқығын қорғады.
-
Энергетикадан ЖИ-ге дейін: Саясаттанушы ТМД-дағы ынтымақтастықтың басымдықтары туралы айтты
ТМД-дағы ынтымақтастық: Сарапшы Қазақстанның жаңа стратегиясына баға берді
-
Әзербайжанда 14 оқушы сабақта дайындаған гамбургерден уланып қалды
Технология сабағында гамбургер жеген 14 оқушының жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді. Тағамнан улану дерегі тексеріліп жатыр.
-
Қазақстан Каспийде ЖИ мен спутниктік технологияны қолдана отырып, мониторигтің бірыңғай цифрлық платформасын құруды ұсынды
Президент Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Оның пікірінше, теңіздің тартылуы, табиғи өмір сүру ортасының өзгеруі, ластану және антропогендік жүктеменің артуы уылдырық шашатын орындарды қалпына
-
Қазақстан Каспийді сақтау үшін Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін бөлісуге дайын
Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысалдар келтірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Біз Солтүстік Арал теңізінің айдынын 36 пайызға ұлғайта алдық. Соның нәтижесінде судың сапасы жақсарып, балық қоры қайта қалпы
-
Тоқаев: Каспийдің тартылуы тек экологиялық емес, экономикалық дағдарысқа айналды
Қазақстан Президентінің айтуынша, Каспийдің мүшкіл халін аймақтағы ауқымды климаттық өзгерістен бөліп қарауға болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы ғасырдың соңына қарай өңірдің кей жерлерінде температура 5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп болжанғанын жеткізді.
– Бұл мұздықтардың еруін тездетіп, с
-
Тоқаев Каспий итбалықтарын құтқару үшін аймақ елдерін күш жұмылдыруға шақырды
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді. Мемлекет басшы
-
Қазақстанда 6 мыңға жуық бала диабетпен есепте тұр
Елімізде балалар арасында диабеттің екі түрі кездеседі.
-
Қазақстанда 16-24 жас аралығындағы қызметкерлердің жалақысы өсті
Қазақстанда жалақының бөліну көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалады.
-
«Қоңырау шалу, аңду, үйіне бару»: Қай кезде бұл әрекет қылмыс саналады?
Қазақстанда адамның келісімінсіз оны қайта-қайта қудалау, байланыс орнатуға әрекет жасау немесе аңду белгілі бір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сталкинг күш қолданумен ұштаспаса да, жәбірленушіге елеулі зиян келтірген жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Бұл турал
-
Қазақстанда бір жылда 310 ағза транспланттау отасы жасалды – ДСМ
Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантация жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда елімізде 11 трансплантация орталығы мен HLA-типтеу жүргізетін 5 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы ағзалар, тіндер мен жасушалар донорлығының Еуропалық күніне орай жарияланған мәліметтерде айтылды.
-
Мәдениеттен миллиардтық нарыққа: Қазақ киносының әлеуеті қандай?
Қазақстанда отандық кино нарығы қалыптасу кезеңінде. Соңғы жылдары жеке қаржыға түсірілетін фильмдер көбейіп, кино өндірісінің жанрлық ауқымы кеңейіп келеді. Алайда фильм түсіруге жұмсалған қаражатты прокаттан қайтару үшін сапалы сценарий мен кәсіби түсірілім тобынан бөлек, маркетинг пен нарықты дұр
-
600 млн рет цифрлық құжат пайдаланылып, QR-код арқылы 80 млн рет қол қойылды: eGov Mobile жеті жылда қалай өзгерді?
eGov Mobile қосымшасы жаңартылғаннан кейінгі жеті жыл ішінде жекелеген мемлекеттік қызметтерге мобильді қол жеткізу құралынан 13,2 миллионнан астам пайдаланушысы бар бірыңғай цифрлық платформаға айналды. Бүгінде қосымшада 1 100-ден астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.
Мобильді цифрлық үк
-
Импортталған астық пен салаттан карантиндік зиянкестер мен арамшөптер табылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде шетелден әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдерінен карантиндік зиянкестер мен арамшөптер анықталды. Тексеру нәтижесінде импорттаушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, өнімнің бір бөлігі кері қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Алматы о
-
Жетісуда төбелес кезінде 8-сынып оқушысы қаза тапты: Күдікті – сыныптасы
Сегізінші сынып оқушысы көз жұмды, ал күдікті ұсталды. Оқиғаға байланысты білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты да тергеу басталды.
-
Мұнайдан бөлек мүмкіндік: Қазақстан транзиттен табысын арттыра ала ма?
Қазақстанның көлік-логистика саласындағы мүмкіндіктері нақты экономикалық нәтижеге ұласа бастады. Орта дәліз арқылы жүк тасымалының артуы транзиттік табысты көбейтіп, қызмет экспортын дамытуға жол ашады. Экономист Айбар Олжай әлемдік саудада Қазақстан Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын ел ре
-
Ресми табысы жоқ, бірақ қымбат мүлкі барлар салық органдарының бақылауына іліне ме?
Қазақстанда азаматтар мен заңды тұлғалардың цифрлық бейіндері қалыптастырылған. Қаржы министрлігі Smart Data Finance жүйесі арқылы салықтық деректерді талдап, сәйкессіздіктерді анықтау бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет
-
Астана тұрғындарына 86 500 теңгеге дейін көмек беріледі: Төлемді кімдер алады?
Төлем мөлшері әртүрлі көлемде белгіленген.
-
Қазақстанда 339 млрд теңгеге жуық цифрлық теңге айналымға шығарылды
Қазақстанда бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені енгізу және қолдану жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде айналымға 339 млрд теңгеге жуық цифрлық теңге шығарылып, түрлі бағыттар бойынша 20-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметін
-
ТМД елдері бірқатар құжатқа қол қойып, 2028-2029 жылдардың басымдықтарын белгіледі
Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясында
-
Алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр жауып, ауа райы суытады?
Осы айдың 10-12 күндерінде елдің орталығында, 10-11 күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 аралығында солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп
-
Қазақстан қолма-қол ақшадан толық бас тарта ма? Қаржы министрлігі түсіндірді
Қазақстанда мемлекеттік қызметтер үшін қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі сақталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Спикердің айтуынша, елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі жоғары. Азам
-
Ұлттық жоба отандық өнеркәсіпті қалай дамытады?
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы – тек ескі құбырлар мен желілерді жаңасына ауыстыру ғана емес. Бұл жоба елге бір мезгілде екі нәтиже беруі тиіс: бір жағынан жаңа желілер мен сапалы коммуналдық қызмет, екінші жағынан – қазақстандық кәсіпорындарға ұзақ мерзімді
-
Алматы маңында иттерге арналған панажай иесін өлтіріп кеткен
Владимир Тепляковтың қазасынан кейін «Твардовский дом» панасында 90 ит қалды. Полиция қылмысқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.
-
Өңір мәселесі – ортақ міндет: Халық кеңесінде қандай ұсыныстар көтеріледі?
Өңірлердің ұсынысын республикалық деңгейге жеткізу, жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және нәтижелі бастамаларды өзге аймақтарға тарату. Халық кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы Кеңестегі жұмыстың осы бағыттарына басымдық береді. Оның пікірінше, нақты ұсыныс қалыптастыру үшін алдымен тұрғындардың
-
Қазақстанда мемлекеттік аудиттің жаңа цифрлық платформасы құрылады
Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін цифрландыруға бағытталған Smart Audit Qazaqstan (SAQ) аналитикалық платформасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, бү
-
Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді
Президент цифрландыру рөлі артып, жасанды интеллектіні немесе суперинтеллектіні қолдану аясы кеңейіп келе жатқанына назар аударды.
Оның пайымдауынша, жаңа технологияларды игеріп, төл
-
Доллар қайта қымбаттай бастады: Теңге бағамына не әсер етеді?
Доллардың қайта күшеюіне АҚШ-тағы инфляция деңгейінің әлі де жоғары болуы, базалық мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығы және геосаяси жағдай әсер етіп отыр. Ал Қазақстанда теңгенің нығаюына мұнай бағасының жоғары болуы ықпал етті. Алайда Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аяқталып, мұнай арзандаса, доллар
-
«ТМД плюс» форматы: Президент маңызды ұсыныс жасады
Президент «ТМД плюс» бірінші саммитін өткізуді Тоқаев ұсынды.
-
ТМД кеңістігі: Сауда кедергілері жойылып, цифрлық дәліздер құрылуда
Мемлекет басшысы ТМД елдерінің үздік индустриялық-технологиялық жобаларының тізімін жасақтауды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің айтуынша, Қазақстан бір мезгілде Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен арадағы шекара маңында индустриялы
-
Атыраулықтар мерекеге орай 86 мың теңгеден алады: Көмек кімге беріледі?
Атырау облысында барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға Республика күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл туралы Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Құралай Тлеумагамбетова BAQ.KZ тілшісіне берген ресми жауабында мә
-
Қошанов: Қоғамдық кеңестер тек талқылау алаңы болып қалмауы керек
Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының институттардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру және өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша бірлескен қадамдар әзірлеу мәсел
-
Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды
Президент ТМД елдерінің алдағы басымдықтарын атап, экономикалық ықпалдастық пен технологиялық серіктестікті дамытуға қатысты ұсынысын айтты.
-
Тікелей эфирдегі заңсыз контент: ІІМ қанша адамды жауапқа тартты?
Қазақстанда «трэш-стриминг» ұғымын заңнамаға енгізу әзірге орынсыз. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде құқыққа қайшы контент тарату мәселесіне қатысты осындай позиция білдірді. Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Саденов Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімде
-
Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт қамауға алынды
Ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ұлы ұсталды.
-
Бельгия королі Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келеді
Қазақстан мен Бельгия серіктестіктің жаңа кезеңін бастауға дайындалуда.
-
Кездесуге шақырып, ұрлап әкеткен: Астанада жәбірленушілерді кредит алуға мәжбүрлегендер ұсталды
Астанада фейк аккаунт арқылы адам ұрлағандар 7-8 жылға сотталды.
-
Жасанды интеллект жүрек жеткіліксіздігі қаупін ерте анықтауға көмектеседі
Жүрек ауруын ерте анықтайтын қазақстандық ЖИ сынақтан өтуде.
-
«Туыстарыңызға сыйлық келді»: Әйел 5 млн теңгесінен айырыла жаздады
Телефон арқылы сеніміне кірген алаяқтар 59 жастағы әйелді банкке жіберген. Алайда олардың жоспары күтпеген жерден бұзылды.
-
Қазақстанда бір аптада пияз, қант және алма арзандады
Қазақстанда апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады.Апта ішінде пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алм
-
Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді
Тоқтап тұрған көліктің жүргізушісін басқа көлік қағып кетті.
-
Жеңіл ақша ма, әлде жарқын болашақ па? Көкшетауда бұрынғы сотталған студенттерге оңай табыстың арты неге әкелетінін айтты
Көкшетауда бұрынғы сотталған студенттерге жеңіл табыстың салдары туралы айтып берді.
-
Сүт безі обырының алдын алу: Сәтбаевта бір күнде 200-ге жуық әйел дәрігер кеңесін алды
Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда. Бастаманы «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырып отыр. Емханаларда ашық есік күндері, диагностикалық тексерулер мен кездесулер ұйымдастырылып,
-
16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салына ма? Үкімет жауап берді
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желідегі аккаунттарына шектеу қойылуы мүмкін.
-
Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 4 жасар бала өлі табылды
Көкшетауда жоғалған 4 жасар баланың қаза тапқаны белгілі болды.
-
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артты
2026 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы Бірыңғай тізілімге 1 973 әлеуметтік кәсіпкер енгізілді. Бұл үш ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 197 кәсіпкерге көп. Бұл туралы BAQ.KZ Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Осылайша, бір тоқсан ішінде тізілімге ен
-
Қазақстандық банктер халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді
Қазақстанның банк секторы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп, халықаралық деңгейде де мойындалып келеді. Соңғы бес жылда елдің екінші деңгейдегі банктерінің активтері 2,2 есе өсіп, 75,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Ranking.kz жазды.
Бүгінде Қазақстанның банк секторы қаржы жүйесін
-
«Мүгедек адамдар қалай жүреді?»: Алматыдағы Республика алаңындағы пандустар сынға қалды
Алматыдағы жаңартылған Республика алаңындағы пандустардың жағдайы әлеуметтік желіде сынға қалды. Тұрғындардың бірі кейбір пандустардың бүлінгенін, ал енді бірінің жоғарғы жағында баспалдақ барын айтып, мүгедектер арбасындағы адамдар мен балалар арбасын пайдаланатын ата-аналарға қолайлы жағдай жасалм
-
Қазақстанда теміржол арқылы жүк тасымалы 241,7 млн тоннаға жетті
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары. Жүк тасымалының өсуіне экспорттық жөнелтілімдердің артуы ықпал етті.
Есепті кезеңде теміржол арқылы экспортқа 69,4 млн тонна жүк жөн
-
Қазақстанда балалардың 17%-дан астамы күн сайын тәтті сусын ішеді
Қазақстандағы мектеп оқушыларының 20 пайыздан астамында артық салмақ бар, ал 6 пайыздан астамы семіздікке шалдыққан. Балалардың 17 пайыздан астамы қант қосылған сусындарды аптасына 6–7 рет тұтынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма т
-
Үйді қай мезгілде сатып алған тиімді? Сарапшылар ең қолайлы кезеңдерді атады
Тұрғын үй сатып алғанда оның орналасқан жері, жағдайы мен бағасынан бөлек, нарықтағы маусымдық өзгерістерді де ескерген жөн. Жылдың кей кезеңінде сатушылар саудаласуға бейім болса, енді бір уақытта құрылыс компаниялары акциялар мен арнайы төлем шарттарын ұсынуы мүмкін. Сонымен, пәтер немесе жеке үй
-
Қазақстанда 1 000 теңгелік жаңа монета сатылымға шығады
Күміс пен ниобийден жасалған коллекциялық монетаны 12 қазаннан бастап сатып алуға болады. Оның қандай ерекшелігі бар?
-
Қазақстанда әрбір бесінші ересек адам семіздікке шалдыққан
Қазақстанда ересектер арасындағы семіздіктің таралу деңгейі 21 пайызға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мамандардың айтуынша, артық салмақ екінші типтегі қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі және басқа да ауыр дерттердің даму қаупін арттырады.
Бұл ту
-
Тоқаев Түрікменстанда өтетін ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысады
Мемлекет басшысы Түрікменстандағы «Аваза» кешеніне барды. Оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
-
90 миллиондық нарық: Орталық Азия өз мүмкіндігін қаншалықты пайдаланып отыр?
Орталық Азия мен Әзербайжанның өзара саудасын 20 миллиард долларға жеткізу кәсіпорындарға жаңа тапсырыс әкеліп, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Алайда бұл мақсатқа жету үшін сауда кедергілерін азайтып, тасымалды жеңілдету қажет. Экономист Айбар Олжай өңірдің экономикалық әлеуеті туралы пікір б
-
Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті
Риддер қаласындағы жер үйдің ауласына аю қонжығымен бірге кіріп кетті. Қала тұрғындары аюдың көшелерде, үй аулалары маңында жүргендігін айтып, әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жариялады.
Риддер тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.
Құзырлы органдар тиісті шаралар қаб
-
Алматыда LRT құрылысына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің схемасы өзгереді
LRT-ның 1-ші желісін салу аясында су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жер жұмыстарын жүргізуге байланысты, сондай-ақ 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Мәметова көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыстың толық жабылуына орай,
-
Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті жұмысын бастады
Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа Комитет төрағасы Вера Ким төрағалық етті. Қатысушылар Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халық Кеңесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
-
«Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды
WhatsApp арқылы ойыншылар тартқан ұйымдастырушылар заңсыз табысқа қымбат көліктер мен жер телімдерін сатып алған. Сот қандай шешім шығарды?
-
«Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады
Іріктеу кезеңі аяқталған соң ұлттық құраманың дайындығы, кадрлық шешімдер, жаттығу процесі мен бапкерлер штабының жұмысы сарапталады.
-
Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты
Бұл Каспий теңізі арқылы жүзеге асырылатын контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.
-
Медициналық нысандар мен тегін дәрі-дәрмек: Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер
Қазақстанда соңғы жеті жылда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1 трлн 284,8 млрд теңге жұмсалды.
-
Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін
J.P. Morgan бағалау барысында шетелдік инвесторлардың нарыққа қатысуы артып келе жатқанын атап өтті.
-
Қазақстанда соңғы жеті жылда 3,6 млн-нан астам жұмыс орны ашылды
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы халықтың еңбек табысын арттырып, ішкі тұтыну сұранысын кеңейтеді.
-
Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек?
Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген. Нарықта қандай мәселелер бар және риелторлардың жұмысын біріздендіретін ережелер не үшін қажет? Бұл туралы Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының
-
СҚО-да республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды
Шектеу көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.
-
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
Кей облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
ЕО Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты
Қазіргі шектеу шаралары 80 жеке тұлға мен 20 ұйымға қатысты.
-
Алматыда пәтерді интимдік қызмет көрсету орнына айналдырған әйелдер ұсталды
Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, әйелдер мен пәтер иесінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.
-
Еуропада қатты қыс болса, газ тапшылығы 15%-ға жетуі мүмкін
Ормуз бұғазындағы жағдай да газ нарығына қысым жасап отыр.
-
Алматыдағы SPA-орталықта өрт шықты
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Уиткофф пен Кушнер Майамиде Украина делегациясымен кездеседі
Кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты жаңа идеялар мен ұсыныстар талқыланады.
-
Трамп Иранға шабуыл жасауға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
Оның сөзінше, АҚШ-тың Иран порттарына қатысты блокадасы әлі де күшінде, ал Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы жалғасып жатыр.
Наверх