Алматыда пәтерді интимдік қызмет көрсету орнына айналдырған әйелдер ұсталды

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, әйелдер мен пәтер иесінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 9 Қазан 2026, 04:27
9 Қазан 2026, 04:27
288
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматының Алмалы ауданында пәтерді интимдік қызмет көрсету орны ретінде пайдаланған екі әйел анықталды.

Полиция Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен аталған орынды анықтаған. Пәтерде Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны мен Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы болған.

Полиция мәліметінше, екі әйел де ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткендерін мойындаған. Олар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, әйелдер мен пәтер иесінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Полиция пәтерді жезөкшелікпен айналысу үшін жалға беру де заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх