LRT-ның 1-ші желісін салу аясында су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жер жұмыстарын жүргізуге байланысты, сондай-ақ 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Мәметова көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыстың толық жабылуына орай, № 12, № 98 бағыттары және № ТП5, № ТП6 троллейбус бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматының Көлік холдингі хабарлады.
№12
Оңтүстік бағытта: Абылай хан даңғылы (оңтүстік) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Назарбаев даңғылы (оңтүстік) - Мәметова көшесі (батыс) - Абылай хан даңғылы (оңтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
Солтүстік бағытта: Абылай хан даңғылы (солтүстік) - Мәметова көшесі (батыс) - Желтоксан көшесі (солтүстік) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Абылай хан даңғылы (солтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
№98
Оңтүстік бағытта: Назарбаев даңғылы (оңтүстік) - Мәметова көшесі (батыс) - Абылай хан даңғылы (оңтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
Солтүстік бағытта: Абылай хан даңғылы (солтүстік) - Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы (солтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
№ ТП5
Солтүстік бағытта: Абай даңғылы (шығыс) - Желтоксан көшесі (солтүстік) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Абылай хан даңғылы (солтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Абылай хан даңғылы (оңтүстік) - Райымбек даңғылы (батыс) - Наурызбай батыр көшесінің қиылысы бағдаршамда (бұрылыс) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Желтоксан көшесі (оңтүстік) - Абай даңғылы (батыс) - әрі қарай сызба бойынша.
№ ТП6
Солтүстік бағытта: Абай даңғылы (шығыс) - Желтоксан көшесі (солтүстік) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Абылай хан даңғылы (солтүстік) - әрі қарай сызба бойынша.
Оңтүстік бағытта: Абылай хан даңғылы (оңтүстік) - Райымбек даңғылы (батыс) - Наурызбай батыр көшесінің қиылысы бағдаршамда (кері бұрылыс) - Райымбек даңғылы (шығыс) - Желтоксан көшесі (оңтүстік) - Абай даңғылы (батыс) - әрі қарай сызба бойынша.