Көкшетауда 8 қазанда жоғалып кеткен 4 жасар бала ашық құдықтан өлі табылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы хабарлама кезекші бөлімге 8 қазанда түскен. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылды.
«2026 жылғы 8 қазанда кезекші бөлімге Көкшетау қаласында кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Іздеуге Төтенше жағдай департаменті мен полиция күштері тартылды. Іздестіру шаралары барысында бала ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі мен дербес деректер қорғауы ескеріле отырып, өзге де мәліметтер жария етілмейді», – дейді ведомство BAQ.KZ сауалына жолдаған жауабында.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Баланың жоғалуы туралы не белгілі?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде төрт жасар баланың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Волонтерлердің мәліметінше, 8 қазанда бала Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Сондай-ақ, таратылған хабарламада баланың нашар сөйлейтіні айтылған. Іздеу жұмыстарына қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары да қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жасар бала қайтыс болды.
Тағы оқи отырыңыз:
Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Астанада бес көлік өртенген оқиға: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
Астанада әйел көшеде көз жұмды