Астана тұрғындарына 86 500 теңгеге дейін көмек беріледі: Төлемді кімдер алады?

Төлем мөлшері әртүрлі көлемде белгіленген.

9 Қазан 2026, 16:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев 9 Қазан 2026, 16:20
9 Қазан 2026, 16:20
321
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Астанада 11 қазанда аталып өтетін Мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі. Биыл бұл күн 11 қазанда аталып өтеді. Төлем мөлшері барлық мүгедектік топтары үшін әртүрлі көлемде белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігі төлемдердің мынадай мөлшерін бекітті:

  • I топ – 86 500 теңге (20 АЕК);

  • II топ және мүгедектігі бар балалар – 43 250 теңге (10 АЕК);

  • III топ – 21 625 теңге (5 АЕК).

Әкімдікте атап өткендей, алушылар ешқайда барудың қажеті жоқ. Төлемдер автоматты түрде есепшотқа түседі.

«Назар аударыңыздар! Егер адам жуырда тұрғылықты жерін ауыстырған болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушының ісі Астана қаласындағы жаңа тұрғылықты жеріне ауыстырылғанын тексеру қажет. Қағидаларға сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде тек бір негіз бойынша бір рет тағайындалады. Осыған байланысты, егер адам ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде басқа негіз бойынша біржолғы әлеуметтік көмекті бұрын алып қойған болса, Мүгедектігі бар адамдар күніне орай қайта төлем жасалмайды», – деп түсіндірді Астана әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулықтар мерекеге орай 86 мың теңгеден алатыны хабарланды. 

Декрет, емделу, жәрдемақы мен зейнетақы: Мемлекет қазақстандықтарға қандай кепілдік береді?

 

Наверх