«Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды

WhatsApp арқылы ойыншылар тартқан ұйымдастырушылар заңсыз табысқа қымбат көліктер мен жер телімдерін сатып алған. Сот қандай шешім шығарды?

9 Қазан 2026, 09:24
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 9 Қазан 2026, 09:24
9 Қазан 2026, 09:24
196
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Шымкентте «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтарға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ықтимал ойыншыларды WhatsApp мессенджері арқылы іздегені анықталған.

Олар азаматтарға құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберіп отырған. Ұсынысқа қызығушылық танытқан адамдарға онлайн-платформаларда аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген. Сонымен қатар ақша аударуға арналған банк шоттарының деректемелері жіберілген, - деп хабарлады ҚМА.

Құмар ойындардан түскен қаражатты қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 адамның атына ашылған банк шоттары, яғни дропперлік шоттар пайдаланылған.

ҚМА мәліметінше, екі онлайн-казиноның жалпы ақша айналымы 3,1 млрд теңгені құраған.

Заңсыз қызметтен алынған кіріске ұйымдастырушылар жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын мүлік сатып алған.

Атап айтқанда, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа:

  • BYD Destroyer;
  • LiXiang L6 Max;
  • Chevrolet Monza;
  • SsangYong Rexton маркалы автокөліктер;
  • екі жер учаскесі сатып алынған.

Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған кіріске сатып алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Наверх