Қазақстанда бір аптада пияз, қант және алма арзандады

9 Қазан 2026, 13:24
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 9 Қазан 2026, 13:24
9 Қазан 2026, 13:24
149
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Қазақстанда апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады.
Апта ішінде пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, картоп 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, балық 0,3%-ға арзандады. Сондай-ақ қаймақ, ет фаршы және күріш бағасы 0,2%-ға төмендеді.

Есепті аптада ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Атырауда 0,3%-ға, Түркістан мен Ақтауда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар өткен аптадағы деңгейде сақталды.

Еліміз бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 133 теңгені құрады. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркелді, килограмы 108 теңге.

Республика бойынша қанттың орташа бағасы килограмына 435 теңге болды. Ең төмен баға Ақтөбеде тіркелді, килограмы 368 теңге.

Алманың орташа бағасы республика бойынша килограмына 699 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте байқалды, килограмы 494 теңге.

Қиярдың орташа республикалық бағасы килограмына 536 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда және Таразда тіркелді. Түркістанда қиярдың килограмы 346 теңге, Таразда 414 теңге болды.

Наверх