Қазақстанда теміржол арқылы жүк тасымалы 241,7 млн тоннаға жетті

9 Қазан 2026, 11:27
АВТОР
 Көлік министрлігі 9 Қазан 2026, 11:27
9 Қазан 2026, 11:27
163
Фото: Көлік министрлігі

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары. Жүк тасымалының өсуіне экспорттық жөнелтілімдердің артуы ықпал етті.

Есепті кезеңде теміржол арқылы экспортқа 69,4 млн тонна жүк жөнелтілді. Былтырғы жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 64,8 млн тоннаны құраған. Осылайша, экспорттық тасымал көлемі бір жылда 7,1%-ға өсті.

Экспорттық тасымалдың артуына темір кені, астық, тыңайтқыштар, көмір және құрылыс жүктерін жөнелту көлемінің ұлғаюы әсер етті.

Темір кені мен астық экспорты артты

Темір кенін экспорттық тасымалдау көлемі айтарлықтай өсті. Қаңтар-қыркүйек айларында теміржол арқылы 10,1 млн тонна темір кені тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға көп.

Астық экспорты да оң динамика көрсетті. Есепті кезеңде теміржол арқылы 8,3 млн тонна астық жөнелтіліп, тасымал көлемі 17,6%-ға артты. Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне, Ауғанстанға және Қытайға бағытталған тасымалдар есебінен қамтамасыз етілді.Сонымен қатар тоғыз айда экспортқа 1,2 млн тонна тыңайтқыш тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9%-ға жоғары. Тыңайтқыш жеткізілімі Беларусь, Бразилия, Өзбекстан, Болгария және Ауғанстан бағыттарында ұлғайды, – делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратында.

Көмір экспорты да өсті

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында теміржол арқылы көмірдің экспорттық тасымалы 25,8 млн тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артық.

Жалпы, есепті кезеңдегі көрсеткіштер Қазақстанда теміржолмен жүк тасымалдау көлемінің өскенін көрсетеді. Әсіресе экспорттық жөнелтілімдердің артуы елдің жүк тасымалы саласындағы оң динамикаға ықпал еткен негізгі факторлардың бірі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бір жылда 13 миллион тоннадан астам астық пен ұн экспорттағаны хабарланды.

Тағы оқи отырыңыз:

Отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы орны нығайып келеді: Түркияға экспорт екі есе өсті

Импорт тоқырады, экспорт қарқын алды: Алматы облысы неден табыс тауып жатыр?

Үкімет агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін күшейтеді

Наверх