Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті.
2026 жылғы 9 қазанда сағат 07:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 875-шақырымында, Покровка көпірі маңында, көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.
Шектеу көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді.
Жүргізушілерге мына балама бағыттарды пайдалану ұсынылады:
- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 46–86,87-шақырымдары;
- «Волошинка — Сергеевка — Тимофеевка» автожолының 0–56-шақырымдары;
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 876–946-шақырымдары;
- «Покровка — Корнеевка — Горное» автожолының 34–0-шақырымдары.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.