Оралда екі жасөспірім биіктен құлап қаза тапты. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 14 жастағы қыз бен 16 жастағы бозбала қаза тапты. Полицейлер 6 қазан күні кешке жасөспірімдермен не болғанын анықтап жатыр.
Әлеуметтік желілердегі алдын ала ақпаратқа сәйкес, қыз мектепте, ал бозбала колледж оқыған.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу барысы БҚО Полиция департаменті және прокуратура басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомствода BAQ.KZ сауалына жолдаған жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыз:
Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен 4 жасар бала өлі табылды
Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Астанада әйел көшеде көз жұмды