Все новости за 25 тамыз 2026
-
-
Қазақстанда жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды
Жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 55 кәмелетке толмаған ұсталған.
-
«Бір апта хабарсыз кетті»: Шарджада қаза болған екі қыздың туыстары тың дерек айтты
Туыстары қыздардың бір апта бойы хабарсыз кеткенін айтты. Кейін олардың денелері табылған. Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге тергеліп жатыр.
-
Алматыда тұрғын үйде өрт шықты: 127 адам эвакуацияланды
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмылдырылды.
-
Қазақстандық маунтинбайкшылар Малайзиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Ерлер арасындағы бәсекеде Денис Сергиенко екі рет жүлдеге қол жеткізді.
-
АҚШ конгрессмендері Қазақстанның креативті индустриясымен танысты
Делегация мүшелеріне отандық шеберлер мен креативті кәсіп өкілдерінің жұмыстары ұсынылды.
-
Тоқаевтың атына Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн құттықтады.
-
Құрылтай сайлауы және стратегиялық серіктестік: Тоқаев Бердімұхамедовпен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
-
«Бүгін түнгі екіде қоңырау шалды»: Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
АҚШ конгрессмені Джейсон Смит Қазақстан Президентіне Трамптың сәлемін жеткізді. Ол Тоқаевтың G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге келетінін айтты.
-
Тоқаев АҚШ Конгресі делегациясын қабылдады: Құрылтайдың алғашқы қадамдары талқыланды
Президент америкалық конгрессмендерге Қазақстандағы саяси жаңғырудың жаңа кезеңі туралы айтып, Құрылтай мен АҚШ Конгресі арасындағы байланысты күшейтудің маңызын атап өтті.
-
Есірткі сайттарын граффитимен жарнамалаған Жетісу тұрғыны сотталды
Ол ауылдағы қоршау, қақпа мен электр бағандарына тыйым салынған ресурстардың сілтемесін жазып жүрген. Сот оған 3 жыл 6 ай жаза тағайындады.
-
Тек құқықтық алаң аясында: Бас прокуратура сайлау қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады
Прокуратура сайлау барысын бағалады. Биыл заң бұзушылық саны 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Нақты деректер – материалда.
-
Құқық қорғау органдары академиясының жанынан шетелдік университеттің филиалы ашылуы мүмкін
Қазақстандағы әскери арнаулы оқу орындарында білім беру жүйесін жаңарту жоспарлануда. Қос диплом мен шетелдік университет филиалын ашу мәселесі қаралды.
-
Шарджада екі қазақстандықтың мәйіті табылды: СІМ тергеу барысын бақылауда
Ақжан мен Жұлдыз Боханованың өліміне қатысты БАӘ құзырлы органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстанның Бас консулдығы отбасыларына көмек көрсетуде.
-
Пышақпен қаруланған ер адам Ұлттық ұлан сарбаздарына қарсы шықты: Талдықорғанда қауіпті оқиға болды
Әскери қызметшілерге агрессия танытқан ер адамды тоқтату кезінде күтпеген жағдай болды. Ол ұзындығы 90 мм пышақ шығарған
-
Қазақстанда шахтерлер қанша жалақы алады? Кей мамандардың табысы 1,7 млн теңгеге жетеді
Шахтадағы еңбек оңай емес. Бірақ табыс қанша? Бір маман айына 1,7 млн теңге алса, кейбірінің жалақысы 200 мың теңгеге де жетпейді.
-
Ақтауға «оңай ақша» іздеп барған бойжеткен 7 жылға сотталды
Алматыдан келген 20 жастағы қыздың жоспары іске аспады. Ол Telegram арқылы алған тапсырманы орындамақ болғанда қолға түсті.
-
Самокатқа қатысты жаңа ереже күшіне енді: Кімге айыппұл салынуы мүмкін?
25 тамыздан бастап самокат мінгендерге жаңа талаптар қойылды. Бас прокуратура жолдағы өзгерістерді ескертіп, бұзушылық үшін жауапкершілікті де еске салды.
-
Зеленский Қазақстан Президентіне алғыс айтты
Зеленский Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
-
Оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа жоба басталды
Жаңа оқу жылының алдында Қазақстан бойынша мыңдаған педагогті біріктірген тамыз конференциялары өтіп жатыр. «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбы аясында мұғалімдер оқытудың соны әдістерін талқылап, жұмыс
-
Жетісудағы нөсерден кейін тасжолды лай шайып кеткен
Жетісу облысының Панфилов ауданында 24-25 тамыз күндері жауған нөсер жаңбырдың салдарынан республикалық маңызы бар KZ19-01 «Сарыөзек – Көктал» автожолының бірнеше учаскесіне лай-тас тасқыны түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мамандардың мәліметінше, таулы аймақтың жер бедеріне байланысты қ
-
Астанада қоғамдық орында шалбарын шешкен кісіге 86 мың теңге айыппұл салынды
Астанада Азаматтарды қабылдау орталығында әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа 86 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 2026 жылғы 24 тамызда сағат 09:28 шамасында Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында болған.
Сот материалдарына сәй
-
Найзағай, тұман және қатты жел: 26 тамызда Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде 26 тамызда ауа райы нашарлайды. Синоптиктер найзағай, тұман, қатты жел және жоғары өрт қаупі болатынын ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қай өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады?
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі,
-
Жаңа оқу жылы: Мұғалім мен оқушы үшін 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
Жаңа оқу жылына санаулы күн қалды. Биыл білім жүйесінде бірқатар реформа болды.
-
Германия, Франция және Испания: Еуропадағы аптап ыстық 35 мыңнан астам адамның өмірін қиды
Биыл Еуропадағы аптап ыстық салдарынан кемінде 35 мыңнан астам өлім-жітім тіркелді. The Guardian басылымының хабарлауынша, осындай жағдайлардың 25 мыңнан астамы Германия, Франция және Испания елдеріне тиесілі.
Деректер әзірге алдын ала берілген. Сарапшылар тамыз айының толық статистикасы шыққаннан
-
«Ең қиыны – жүйелі дайындалу»: Олимпиада жүлдегері Алихан Әшірханов жеңіске жету жолын айтты
Халықаралық олимпиада жүлдегері Алихан Әшірханов Ақордада Мемлекет басшысымен жүздесіп, 4,3 млн теңге сыйақыға ие болды.
-
«Риелторлар қызметін реттейтін заң жоқ». Вице-министр қандай өзгеріс болатынын айтты
Қазақстанда риелторлар қызметін реттейтін арнайы заң қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер вице-министрден риелторлар қызметін заңнамалық тұрғыда рет
-
Бокс, жүзу, хоккей: Алматыда балалар ондаған спорт түрімен тегін айналыса алады
Баланы спорт мектебіне қалай жазуға болады? Қандай құжаттар қажет? Толығырақ материалда.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президентін қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында Президент FIBA-
-
Арменияда бұрынғы президент Роберт Кочарян ұсталды
Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстық істі тергеу аясында ұсталды. Бұл туралы республиканың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті хабарлады.
Кочарянға қандай айып тағылуда?
Арменияның Бас прокуратурасы Кочарянға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғад
-
Төртінші мұнай өңдеу зауыты қай өңірде салынуы мүмкін?
Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытының қай өңірде салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің сөзінше, елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады.
Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірл
-
Алматы толық газдандыруға жақындады: Әлі қанша үй газсыз отыр?
Алматыда газдандыру деңгейі 99,6 пайызға жеткенімен, қалада әлі де табиғи газға қосылмаған тұрғын үйлер бар. Алдағы жылдары газ инфрақұрылымын кеңейту жоспарланып отыр: жаңа желілердің құрылысы нәтижесінде тағы 191 үйді газға қосуға техникалық мүмкіндік жасалмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл
-
КТК-ға жасалған шабуыл: Қазақстан 3,5 млн тонна мұнайдан қағылды
КТК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан мұнай өндіру жоспарын қысқартпақ.
-
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі жеңілдетілді
Азаматтарға АӘК алудың жаңа цифрлық мүмкіндігі ұсынылды.
-
Қазақстандық оқушы әлемнің үздік жас бағдарламашыларының бестігіне енді
12-сынып оқушысы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
-
Мұнай өңдеу зауытының аумағындағы өрт толық сөндірілді
Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағындағы өрт толық сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 25 тамызда сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ша
-
Құрылтай сайлауына бөлінген қаражат қайда жұмсалды? ОСК түсіндірді
Үкіметтің 2026 жылғы 3 шілдедегі шешімімен осы мақсатқа резервтен 34,3 млрд теңге бөлінген.
-
Астанада құрылыс нысандары дронмен тексеріліп, 1,1 млн теңге айыппұл салынды
Дрондар құрылыс алаңдарындағы еңбек қауіпсіздігін бақылауға кірісті. Алғашқы үш айда 20 нысаннан заң бұзушылық анықталған.
-
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Қытай Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
Қытай Қазақстанды бір палаталы парламент – Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.
-
ОСК халықаралық бақылаушылардың сайлауға берген бағасына пікір білдірді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ОСК-да өткен брифингте халықаралық бақылаушылардың сайлауға берген бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист халықаралық бақылаушылардың сайлау процесіне қатысты бағасы мен айтқан ес
-
Сарапшы Құрылтай сайлауының басты ерекшелігін айтты
Алуа Жолдыбалина 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының ең негізгі ерекшелігі ретінде теледебаттар мен рекордтық санда келген байқаушылар екенін атап өтті.
-
Ел жарықсыз қалды, бірақ басшылық миллиондап сыйақы алған: KEGOC түсініктеме берді
«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Алматыдағы блэкауттан кейін компанияның топ-менеджерлеріне берілген сыйақыларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер 14 тамызда Қазақстанда электр энергиясы жаппай өшкеннен кейін «KEGOC» АҚ
-
Депутаттарға мандат куәліктері қашан беріледі?
ОСК хатшысы Шавкат Өтемісов депутаттарға куәліктерді табыстау мерзімі партиялардың шешім қабылдау жеделдігіне байланысты екенін айтты.
-
Ақерке Берлібай: Медиадағы танымалдық сайлауда жеңіске кепіл бола алмайды
Сайлаудағы партияның нәтижесі оның тек жалпы медиадағы танымалдығына емес, таңдалған коммуникациялық стратегиясына, түрлі алаңдарда болуына және сайлаушылармен тұрақты байланысына байланысты. PR&Media қауымдастығының төрағасы, коммуникациялар жөніндегі сарапшы Ақерке Берлібай «Sarap» сарапшылық
-
«Бензин құйғаннан кейін көлігіміз бұзылды»: Министр АИ-95 пен АИ-98 сапасын тексертіп жатыр
Энергетика министрі аталған жағдайға қатысты өз болжамын айтты.
-
Құрылтай сайлауы: ОСК мандаттардың қалай бөлінгенін айтты
Депутаттық мандаттардың басым бөлігі қай партияға тиесілі болғанын ақпараттан оқи аласыз.
-
Қазақстандық әйелдер декреттік төлемді енді онлайн рәсімдей алады
Жаңа қызмет жұмыс істейтін әйелдерге төлемді смартфон арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді.
-
Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстандағы жағдай қандай?
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы бензин қоры жөніндегі өзекиі сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр елдегі жанар-жағармай жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.
«Бүгінде бензин мен дизель отынының жалпы қоры 1,1 млн тоннадан аса
-
Құрылтай сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды
23 тамызда Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болды.
-
Қазақстанда «Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» кәсіби стандарты бекітілді
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» кәсіби стандартын бекітті.
Құжат Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңына сәйкес әзірленген және энергетика саласын цифрлық трансформациялауға қатысты заманауи кәсіби
-
Сегіз облыс неге жарықсыз қалды? Энергетика министрі блэкауттың себебін түсіндірді
Министр Қазақстандағы жарықтың жаппай өшуін немен байланыстырды?
-
Нұрбек Пұсырманов: Құрылтайға тек танымал тұлғалар емес, кәсіби саясаткерлер қажет
Астанада «Sarap» сарапшылық клубында «Сайлау қорытындылары және Құрылтай келбеті» тақырыбында кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиында Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов саяси жаңғыру мен заң шығарушы органның сапалық құрамына қатысты өз пайымын білдірд
-
Жасанды интеллект дәуірінде шығармашылықтың тағдыры қандай болмақ? Сарапшы түсіндірді
Сарапшының пікірінше, жасанды интеллект пен адамның шығармашылық еңбегі арасындағы шекараны ажырату барған сайын қиындап барады.
-
Қазақстанда онкоскринингпен қамту көрсеткіші 41,7%-ға дейін өсті
Қазақстанда обырды ерте диагностикалау кеңейтілуде. Онкоскрингтермен қамту 41,7%-ға, ПЭТ/КТ зерттеулерінің көлемі 21,6%-ға артты.
Елімізде онкологиялық көмекті дамыту шеңберінде дәлдігі жоғары диагностиканың мүмкіндіктері кеңейтілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17,4 мың ПЭТ/КТ зертте
-
«ЖІӨ кемінде 5% өсуі керек»: Бектенов Үкіметке міндет қойды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмсалған әрбір теңгеден түсетін табысты арттыруды және қаржылық тәртіпті күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсу мен бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың бекітілген көрсеткіштеріне қол
-
«Біз үшін өте ауыр жағдай» – Үйлері сүрілуі мүмкін алматылықтар өтемақымен келіспеді
Қазіргі уақытта Қайрат шағын ауданында 197 жер телімі сүрілетіні туралы ақпарат бар.
-
Жылыту маусымы: Алматы мен Шымкенттің дайындық деңгейі төмен
Алматы мен Шымкент қалаларында бірқатар нысанның жылыту маусымына дайындық көрсеткіші төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Барлық өңірлерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 913 білім беру нысанының 10 693-і дайын, бұл – 98%.
-
Қазақстан экономикасының өсімі 5%-дан жоғары болады – Жұманғарин
2027–2029 жылдары Қазақстан экономикасының нақты орташа жылдық өсімі 5%-дан жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңартылған болжам бойынша 2027 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,4%-ды
-
Мектеп формасынан дәптерге дейін: Қазақстан оқушыларға қажетті тауарлардың қаншасын өзі өндіреді?
Елімізде мектеп формасын тұрақты негізде тігетін 40-қа жуық кәсіпорын бар. Олардың жылдық өндірістік қуаты шамамен 2 млн бұйым.
-
2029 жылға қарай Ұлттық қорда қанша қаржы болады? – Үкімет жауабы
2029 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтері 70,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-
-
Маңызды жобаларға Ұлттық қордан 5 трлн теңге бағытталады
2027-2029 жылдары аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Үкімет отырысында еліміздің 2027–2029 жылдарға арналған
-
Бектенов бюджет қаржысын сапалы жоспарлауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бюджет республикалық ж
-
Робот адамнан озып кетті: Әлемдік рекорд жаңарды
Робот адамнан жүйрік шықты: TienKung Усэйн Болттың рекордын жаңартты
-
Бизнеске арналған AI-навигатор пилоттық жобасы іске қосылды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауын орындау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» пилоттық жобасын іске қосу туралы бі
-
«Көптеген елде жоқ қолдау Қазақстанда бар» – Химиядан халықаралық олимпиада жүлдегері Аңсар
Аңсар Жақсылықов - химиядан халықаралық олимпиаданың (IChO) күміс медаль иегері. Ол қазіргі уақытта Spectrum international school мектебінің 12-сынып оқушысы.
-
Мемлекет басшысы Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерей
-
15 жастағы қазақстандық теннисші Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
World Tennis Tour Juniors сериясындағы турнир 12 елден келген спортшылардың басын қосты
-
Астанада жаңа зертхана ашылды
Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде «AQUA LAB: СУ. STEAM. ЖАСЫЛ МЕКТЕП» атты практикалық семинар өтті. Іс-шара барысында оқушылардың су үнемдеу саласындағы зерттеулері мен жобаларына арналған зертхана таныстырылды.
Жобаға Су ресурстары және ирригация министрлігі бастама жасаған. Он
-
Ақтөбе шекарасында қызанақ пен айсберг салатынан карантиндік зиянкес анықталды
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі және қызанақтың коңыр қатпарлы вирусы табылды. Зерттеуден соң өнім иелеріне қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік іс сотқа жіберілді.
-
ШҚО-да 13 жастағы қыз қаза тапты: Жасөспірім мотоциклмен арқанға ілініп қалған
Оқиғадан 13 жастағы қыз көз жұмып, 15 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
-
«Мұра жіптері»: Әбілхан Қастеев музейінде Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығына арналған көрме өтеді
Батима Заурбекова – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы оның шығармашылығы дәстүр мен заманауи көркемдік тілді ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерінің дамуына ықпал етті.
-
Бүгін еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – тынық ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар зиянды және ластаушы заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
-
Ақмола тұрғыны Грузиядан Toyota Highlander көлігін сатып алмақ болып, 3,1 млн теңгесінен айырылды
Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
-
1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
Тиісті өзгерістер ҚР Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы бұйрығымен енгізілді. Жаңа тәртіп 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
-
Иран Ормуз бұғазы арқылы өту ережесін бұзған 45 кемені қара тізімге енгізді
Тізімге мұнай танкерлері мен газ тасымалдайтын кемелер кірді.
-
Трамп 2027 жылдан бастап Канада тауарларына тарифтерді 50%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді
Жаңа тарифтер автомобильдерге, жүк көліктеріне, автокомпоненттерге және болатқа қатысты болуы мүмкін.
-
Еуропада газдың биржалық бағасы 4%-ға өсті
Лондондағы ICE биржасының деректеріне сәйкес.
-
Павлодарда тротуар астындағы құбыр жарылып, ер адам ыстық суға түсіп кетті
Зардап шеккен азаматтың туыстары оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, жауапты тұлғаларды анықтап, заң аясында шара қолдануды талап етуде.
-
«Алтын-Емелде» фототұзақ суат басында қасқыр мен құландардың кездесуін түсіріп алды
Жыртқыш аң олжасын байқағанымен, су ішуді жалғастырған
-
Қазақстан U12 кубогының жеңімпаздары анықталды
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасында да Астана-1 командасы жеңімпаз атанды.
-
Астана – Қарағанды – Алматы тасжолындағы қозғалыс 10 қыркүйекке дейін шектеледі
1194–1209 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Наверх