Қытай Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

Қытай Қазақстанды бір палаталы парламент – Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

25 Тамыз 2026, 13:51
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов 25 Тамыз 2026, 13:51
25 Тамыз 2026, 13:51
150
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь 24 тамызда өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстанда 23 тамызда өткен бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Жэньминь жибао» онлайн газеті хабарлады. 

Қазақстандағы Құрылтай сайлауы жақында сәтті өтті. Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстанды құттықтайды, – деді Линь Цзянь.

Оның айтуынша, Қытай Қазақстанның достас көршісі әрі тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктесі ретінде елдің тәуелсіздікке негізделген және ұлттық ерекшеліктеріне сай даму жолын ұстануын қолдайды.

Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақтылық сақталып, экономикасы дамып, өркендей беруіне тілекшіміз. Қазақстанның мемлекет құру жолында жаңа әрі елеулі жетістіктерге жетуіне тілектеспіз, – деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Линь Цзянь Қытай тарапы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті.

Қытай Қазақстанмен бірге екі ел басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын, – деді ол.

Наверх