АҚШ конгрессмендері Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

Делегация мүшелеріне отандық шеберлер мен креативті кәсіп өкілдерінің жұмыстары ұсынылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 25 Тамыз 2026, 22:01
25 Тамыз 2026, 22:01
121
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АҚШ Конгресінің делегациясы Астанадағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, оның негізгі жұмыс бағыттары және Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Делегация мүшелеріне отандық шеберлер мен креативті кәсіп өкілдерінің жұмыстары ұсынылды. Олардың қатарында зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, музыкалық аспаптар жасау, сән индустриясы, кілем тоқу, қыш және бейнелеу өнері бағыттары бар.

Сапар барысында америкалық конгрессмендерге қазақ халқының дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптейтін музыкалық бағдарлама да көрсетілді.

 

Наверх