«Алтын-Емелде» фототұзақ суат басында қасқыр мен құландардың кездесуін түсіріп алды

Жыртқыш аң олжасын байқағанымен, су ішуді жалғастырған

 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 25 Тамыз 2026, 02:29
25 Тамыз 2026, 02:29
126
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ суат басында қасқыр мен құландардың ерекше кездесуін тіркеді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Бейнежазбада жыртқыш пен оның әдеттегі олжасы бір-бірін байқап, сақтық танытқаны көрінеді.

Соған қарамастан, олар суаттан кетпей, бір-бірінен арақашықтық сақтап, су ішуді жалғастырған. Мұндай мінез-құлықтың себептерінің бірі аптап ыстық болуы мүмкін. Мұндай күндері жануарлардың суға деген қажеттілігі арта түседі. Сондықтан бір суаттың басында әдетте бір-бірінен аулақ жүруге тырысатын жануарлардың өзі кездесіп қалуы мүмкін, – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Наверх