Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі жеңілдетілді

Азаматтарға АӘК алудың жаңа цифрлық мүмкіндігі ұсынылды.

25 Тамыз 2026, 15:00
АВТОР
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 25 Тамыз 2026, 15:00
25 Тамыз 2026, 15:00
196
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі жеңілдей түсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, өтініш беруден бастап, соңғы шешім қабылданғанға дейінгі барлық кезең цифрлық жүйелердің көмегімен бірізді түрде жүзеге асырылады.

Цифрлық шешімдер құжат айналымын азайтып, рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

Азаматтар қажетті көмекті алу үшін артық уақыт жоғалтпайды.

Енді атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу процесі жеңіл әрі жылдам жүзеге асады. 

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу оңай. АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша мансаптық орталық арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.

Еске салайық, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады және қалай өтініш беруге болатыны туралы жазған болатынбыз. 

Наверх