Астана – Қарағанды – Алматы тасжолындағы қозғалыс 10 қыркүйекке дейін шектеледі

1194–1209 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 pexels.com 25 Тамыз 2026, 00:18
25 Тамыз 2026, 00:18
212
Фото: pexels.com

1194–1209 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

1194–1209 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Жібек Жолы мен Қаскелең арасындағы жол бөлігінде 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Жол жұмыстарының қауіпсіз әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол белгілерінің талаптарын және реттеушілердің нұсқауларын қатаң сақтауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Айналма жол сызбасы

12–20 тамыз аралығында Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 1121–1186 шақырым аралығындағы бөлігінде де қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.

Наверх