ОСК халықаралық бақылаушылардың сайлауға берген бағасына пікір білдірді

25 Тамыз 2026, 13:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Мақпал Орынбек 25 Тамыз 2026, 13:30
25 Тамыз 2026, 13:30
223
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мақпал Орынбек

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ОСК-да өткен брифингте халықаралық бақылаушылардың сайлауға берген бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист халықаралық бақылаушылардың сайлау процесіне қатысты бағасы мен айтқан ескертулеріне ОСК-ның ұстанымын сұрады.

Біз мемлекеттік органдармен пікір алмастық және барлық мәселе заңда көзделген тәртіпке сәйкес шешілді. Бұл сайлауда бақылаушылардың өте көп болғанын атап өткім келеді. Атап айтқанда, халықаралық миссиялар құрамында 27 бақылаушы жұмыс істеді. Сонымен қатар 22 елдің орталық сайлау органдары мен басқа да орталық мемлекеттік органдарының делегациялары қатысты. Дауыс беруге дейін, дауыс беру күні, кеше біздің залда, сайлау учаскелерінде және түрлі алаңдарда дауыс беруді ұйымдастыруға, сайлау комиссияларының жұмысына қатысты көптеген пікір айтылды. Сондай-ақ сайлау учаскелерінің жұмысы мен сайлаушылар тізімдерінің сапасына қатысты мәселелер көтерілді, - деді ол.

ОСК өкілі әріптестерінің, ең алдымен сайлау процесімен кәсіби түрде айналысатын мамандардың сайлау комиссиялары мен учаскелерінің дайындық деңгейіне берген бағасын мойындайтынын мәлімдеді.

Әрине, әртүрлі көзқарастар мен түрлі миссиялар бар. Мен жекелеген мәселелерді әлі де талқылауымыз керек екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, миссия өкілдерінің мәлімдемесінде айтылған жайттар бар. Дегенмен, олардың есебінде сайлауды әкімшілендіру сапасына қатысты тұстар объективті ұстанымның жеткілікті элементтерімен көрсетілген. Бүгін бізде талқылауды қажет ететін бір мәселе бар. Біз бұл мәселені Еуропаның бірқатар елінің парламент депутаттарымен, Парламенттік Ассамблеядағы әріптестерімізбен және осы сайлауды бақылаған журналистермен де талқыладық. Мәселе құжаттың атауына қатысты. Онда сайлаудың «кезектен тыс» өткені туралы айтылады. Біздің ойымызша, бұл тұрғыдан алғанда атау толық дұрыс емес. Себебі бұл сайлау жаңа Конституция қабылданғаннан кейін өткізілді. Сондықтан оны ертерек немесе кеш өткізілген сайлау деп айту, кемінде, дұрыс емес, - деп атап өтті Мұхтар Ерман.

ОСК қорытынды есеп жарияланған кезде осы көзқарас ескерілетініне үміттенетінін жеткізді.

Жалпы, Астана, Алматы және Қазақстанның басқа өңірлерінде жұмыс істеген барлық миссия өкілдеріне, елді мекендер мен ауылдық жерлерге барған бақылаушыларға адал еңбегі және бүкіл сайлау жүйесінің жұмысына берген объективті бағасы үшін тағы да алғыс білдіремін, – деді ОСК мүшесі Мұхтар Ерман брифингте.

Еске салсақ, ОСК-да өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов депутаттарға мандат куәліктері қашан берілетінін айтты. Оның сөзінше, сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін 5 пайыздық межеден өткен партиялар мандаттарды кандидаттар арасында бөлу туралы шешім қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясына тиісті деректер түскеннен кейін депутаттарға куәліктер табысталады.

Сарапшы Құрылтай сайлауының басты ерекшелігін айтты. Алуа Жолдыбалина 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының ең негізгі ерекшелігі ретінде теледебаттар мен рекордтық санда келген байқаушылар екенін атап өтті.

Наверх