Есірткі сайттарын граффитимен жарнамалаған Жетісу тұрғыны сотталды

Ол ауылдағы қоршау, қақпа мен электр бағандарына тыйым салынған ресурстардың сілтемесін жазып жүрген. Сот оған 3 жыл 6 ай жаза тағайындады.

25 Тамыз 2026, 20:28
АВТОР
 freepik.com 25 Тамыз 2026, 20:28
25 Тамыз 2026, 20:28
105
Фото: freepik.com

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде есірткі қылмысына және оның көріністеріне қарсы жүйелі түрде қатаң күрес жүргізілуде. Көксу аудандық соты қоғамдық орындарда тыйым салынған интернет-ресурстарды заңсыз жарнамалаумен айналысқан жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, ол заңды күшіне енді.

Сот барысында сотталушы К. заңсыз бизнес ұйымдастырушыларымен алдын ала сөз байласып, тыйым салынған ақпаратты тарату жөніндегі қызметтерді атқаруға келіскені анықталды. Ол маркерлерді қолдана отырып, Балпық би ауылындағы қоршауларға, қақпаларға және электр беру желілерінің тіректеріне бақылаудағы интернет-ресурстардың сілтемелері бар граффити-жазуларын салып, соңынан кураторларға координаттар көрсетілген фотоесеп жіберген, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Халықтың денсаулығы мен қоғамдық имандылыққа қарсы жасалған қылмыстың ауырлығын, сондай-ақ істің мән-жайын ескере отырып, сот К.-ны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Жетісу облысының прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын кез келген нысанда (граффити-жазулар, әлеуметтік желілердегі жазбалар және мессенджерлер арқылы) насихаттау немесе заңсыз жарнамалау ҚРҚК-нің 299-1-бабы (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша ауыр қылмыс болып табылатынын және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Есірткі қылмысының жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қадағалау органының басты басымдығы.

Еске салсақ, Алматыдан Ақтауға келген 20 жастағы бойжеткен Telegram арқылы есірткі таратуды көздеп, «закладка» жасауға кіріскен. Алайда оның қылмыстық әрекеті дер кезінде әшкереленді. Сот үкімімен ол 7 жылға сотталды.

Наверх