Алматыда тұрғын үйде өрт шықты: 127 адам эвакуацияланды

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмылдырылды.

25 Тамыз 2026, 23:08
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 25 Тамыз 2026, 23:08
25 Тамыз 2026, 23:08
117
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматының Бостандық ауданындағы Абай даңғылында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде жиһаз жанған.

Өрт сөндірушілер келген кезде кіреберісті қою түтін басқаны анықталып, тұрғындарды шұғыл эвакуациялау басталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмылдырылды.

Нәтижесінде 42 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Тағы 85 адам, оның ішінде төрт бала құтқару қалпақтарының көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт жедел сөндірілді. «112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх