Тоқаевтың атына Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жеделхаттары келіп түсуде

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн құттықтады.

 BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 25 Тамыз 2026, 21:24
25 Тамыз 2026, 21:24
100
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн құттықтады.

Сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай құттықтау жолдады.

Наверх