Все новости за 10 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сенатор Осакаровка ауданына Әлімхан Ермековтің атын беруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Қарағанды облысына қарасты Осакаровка ауданын Әлімхан Ермековтің атымен атауды ұсынды.
-
Балаева Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жыр эстафетасын жалғады.
-
Жапонияда вакциналау басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда вакциналау алдағы аптада басталады. Бұл туралы Хабар24 жазды.
-
Тараздағы «Мамыр» саябағынан спорттық ойын алаңы ашылады
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Былтыр қыркүйек айында республикалық деңгейдегі қайырымдылық қорларының өкілдері мен Жамбыл облысының әкімдігі маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларын жүзеге асыру аясында өзара ынтымақтастық туралы Жол картасын бекіткен болатын.
-
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл жайында «Қазселденқорғау» мекемесі хабарлады.
-
Жамбыл облысының Жаңатас қаласы жылусыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қыстың қақ ортасында бүтін бір қала жылусыз қалды. 20 мыңнан астам тұрғыны бар Жаңатаста орталық қазандық істен шығып, шаһар тұрғындары шулап жатыр.
-
Жас депутат 100 отбасына азық-түлік таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тайқазан» жобасы аясында «Келес-Абай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен игі іс-шара өтті.
-
«Оскар» сыйлығының үміткерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оскар 2021 жылғы жүлдесіне үміткер туындылардың тізімі белгілі болды. Бұл туралы Оскар сыйлығының ресми сайты хабарлады.
-
Мунгия – Головкин жекпе-жегі неге өтпейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BoxingEgo YouTube-арнасы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жектің неге өтпейтінін айтты.
-
Биатлоннан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
-
Үндістанның Хайдарабад қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елші Ерлан Әлімбаев үнді мегаполистерінің бірі Хайдарабадта танымал үнді кәсіпкері және меценаты Мир Насир Али Хан басқарған Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысты.
-
#Тәуелсіздік30: Октябрь ауданына Әлиханның атын беру 30 жылдықтың басты шарасы – әкім
Қарағанды,BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар легін бастап кетті. Шаралардың ең бастысы – Октябрь ауданына қазақтың көрнекті тұлғасы Әлихан Бөкейханның атын беру болмақ. Бұл жайында Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.
-
Алматы облысында полицейге күш қолданған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, оған қарсы күш қолданған мас тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атырауда бір күнде 7 мыңға жуық ПТР тест жүргізілді
Жүргізілген тест облыс халқының санынан асып кетті
-
Атырау облысында білім ордаларындағы асханалардың қызметіне рұқсат етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәгігерінің қаулысында айтылған.
-
Жануарлар мен құстарға да екпе салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылы жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.
-
Бас мүфти: Жазықсыз жапа шеккендер рухына құран бағыштау – перзенттік борышымыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
-
Қарағандыға 2021 жылы 180 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы кеншілер қаласына тартылған инвестиция көлемі 178 млрд теңгені құраған. Биыл бұл сомма 180 млрд теңгеге жетпек. Бұл жайлы қала басшысы халыққа берген есебінде мәлімдеді.
-
Оңтүстікте су деңгейі көтеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 ақпанда Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
#Мұқағали90: Ақынға жыр арнаған оқушылар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордамыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің үздік «Жас сарбаздарының» қатысуымен «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты шара өтті.
-
Тоқаев Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға құттықтау жеделхатын жолдады.
-
QazCovid-In вакцинасына бірнеше ел қызығушылық танытып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, шет мемлекеттер клиникалық зерттеулердің нәтижесін күтіп отыр.
-
Жол саласындағы мемлекеттік кәсіпорын халықаралық жол сапасын тексеру құқына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бүгін халықаралық сертифатқа ие болды. Тиісті құжаттарды реттеу шарасы сегіз айға созылды.
-
Елбасының «15 жылда аю да үйренеді» деген сөзі айтылғалы да 15 жыл өтті - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты.
-
Цой қандай вакцинаны салдыратынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.
-
Nur Otan бір айда 569 көкейкесті мәселені бақылауға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы сайлаудан кейінгі бір ай ішінде партиялық бақылау комиссиясының 233 отырысын өткізіп, онда 569 мәселе қаралды. Атап айтқанда, жалақының уақтылы төленбеуі судың жоқтығы, жылыту және көшелерді жарықтандыруға қатысты шағымдар, жаяу жүргінші өткелі мен пандустар салу туралы ұсыныстар және тағы да басқа мәселелер бар.
-
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының әр дозасы 26 доллар тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ғиният Ажар мәлімдеді.
-
Түймебаев қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жансейіт Түймебаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Біз халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді – Ксения Верба
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Барлығы қалаға көңіл бөледі. Алайда біз ауылды дамытып, халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді. Мұндай пікірді елордада өткен «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде «Aitas KZ» АҚ миссиясы мен мақсаты бойынша президенті Ксения Верба айтты.
-
Маска шешуге қашан рұқсат беріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қандай жағдайда маска тақпауға рұқсат берілетінін айтты.
-
Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі автокөлік көпірі салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауылының Құрылысшы мөлтек ауданынан Болашақ мөлтек ауданына тікелей шығатын 2 автокөлік көпірі салынады. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
13 мыңнан астам медицина қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды, бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
-
40 нысан «Ashyq» қосымшасын пилоттық режимде қолдануда – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ashyq» 13 мыңнан астам бизнес субъектісінің қызметін қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Мемқызметкерлердің қазақ тілін меңгеруіне қатысты заңға өзгеріс енгізу керек – Әділбек Қаба
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты.
-
Алматылық ғалым 54 млн теңгелік ғылыми жобаны жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Қиынова жалпы сомасы 54 млн теңгені құрайтын ғылыми жобаны жеңіп алды.
-
Әділбек Қаба оқыту орталықтарының қызметкерлері назардан тыс қалғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты.
-
Қажымұқанның 150 жылдығын тойлау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы басталды.
-
Мирас Іргебаев: Бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев қордың негізгі атқаратын жұмысымен таныстырды.
-
Жұмыс тобы ЕАЭО-да деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін айқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, ЕАЭО-да жалпы заңнаманы үндестіру және дербес деректер бойынша нақты жұмыс жүргізу маңызды.
-
Қазақ мәтіндері халықаралық кеңістікте танымал болатынына сенімдіміз – Анар Фазылжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, белгілі ғалым Анар Фазылжан «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты.
-
Тоқаев Ауғанстан президентін елімізге ресми сапармен келуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алик Шпекбаев халықаралық сарапшылармен онлайн-кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевтың Халықаралық басқарушылық даму институтының (IMD) Операциялық бөлімі басшысы Христос Каболис және швейцариялық Лозаннада орналасқан Бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығының сарапшысы Марко Пистиспен онлайн-кездесуі өтті.
-
Түркия 2023 жылы Айға өз аппаратын ұшырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия ғарыш саласын дамыту шеңберінде 2023 жылы Айға өз аппаратын ұшырмақ, деп жазды «Хабар 24».
-
Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚазМедиа орталығында өткен кездесуде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасын таныстырды.
-
Қоғамдық маңызы бар бастамалар қоры «30 игі іс» жобасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының директоры Ермек Мәжитов «Қайырымды істер марафонына» арналған іс-шара барысында екі аптадан кейін Қордың бастамасымен «30 игі іс» жобасы басталатынын хабарлады.
-
Нығматулин интеграциялық құрылымдарда Қазақстанның біркелкі өкілдігіне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин интеграциялық бірлестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның біркелкі өкілдік ету қағидатының сақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Қарағанды облысының жолдарында 8 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдің ТЖД халыққа ескерту жасады, бірақ соған қарамастан, қолайсыз ауа-райында азаматтардың жолға шығу жағдайлары жалғасуда. 9 ақпанда ТЖД бөлімшелері жолда қалған техникалық ақауы бар автокөліктерден 8 адамды құтқарды.
-
Павлодарда жаңа екі шағын аудан салынуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандары бой көтеруде. Биылғы жылы облыс орталығында 24 көпқабатты үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.
-
Емделмейтін анатомиялық кемістік болған кезде мүгедектікті жылда растау қажет пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі анатомиялық кемістіктері бар мүгедек адамдарға қандай жағдайларда қайта куәландырудан өту және осы фактіні растау қажет болатыны туралы хабардар етеді.
-
Қарағандыда балаларға стоматологиялық көмек көрсету орталығы ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық стоматологиялық емхананың базасында ашылған орталық 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге жедел және жоспарлы қызмет көрсететін болады. Орталық заманауи құралдармен жабдықталған.
-
Көлігі жоқ азаматтардың атында көлік тіркеуде тұр. Не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлік субъектілерге арналған «E-Salyq Azamat» қосымшасында кейбір азаматтардың атында 15 жылдан бері жоқ көліктің әлі тіркеліп тұратын жағдайлары кездесіп жатады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мұндай жағдайда не істеу керегін айтты.
-
Бізге осындай кері байланыс қажет. Көлгіновке 3 сағатта 1200-ден астам сұрақ қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің есептік кездесуі барысында тұрғындардан 1200-ден астам сұрақ келіп түсті.
-
Індет кезінде халқымыз бойындағы бар жақсы қасиетті көрсете алды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.
-
Кәсіпкерлерге арналған бөлек салық қосымшасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлерге арналған бөлек салық қосымшасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.
-
«E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы брондау мүмкіндігі берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық технологиялар пандемия кезінде тиімділігін көрсетті, деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.
-
Мақсұтбек Айтмағанбет: Волонтерлік – қазақтың қанында бар дүние
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры Мақсұтбек Айтмағанбет айтты.
-
Биыл мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша 50 саяси қызметші оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында айтты.
-
Бұл – таза қылмыс. Көлгінов құдықтың үстінен асфальт төсеген мердігерлерді жазғырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.
-
Нақты және тиімді құқықтық тетіктерді белгілейтін түзетулер әзірленуде – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.
-
Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? Көлгінов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Еліміздің шығысында аяз күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Дариға Назарбаева Маминге 5 сауал қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкімет басшысы Асқар Маминге нақты сауал жолдады.
-
Өткен жылы 360 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы барысында айтты.
-
#Тәуелсіздік30: Елордада «Қайырымды істер марафоны» өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі өтіп жатыр.
-
Айтуға мәжбүрмін. Депутат жерді сату мен жалға беруге қатысты мәселе қозғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айбек Паяев Үкімет басшысының атына 1 мамырға дейін жаңа Жер кодексін қабылдау туралы сауал жолдады.
-
Шығыс Қазақстан жастары діни экстремизмнің алдын алуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Глубокое ауданының жастары терроризм мен діни экстремизмге қарсы шаралармен кең ауқымда қамтылды.
-
Қашықтан жұмыс істеу заңдастырылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады.
-
Балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наталья Дементьева Білім және ғылым минтстрі Асхат Аймағамбетовке мектептерде қазақ тілін оқытуға байланысты сауал жолдады.
-
Тимур Сүлейменов: Агенттік алдында мемлекеттік қызметке орналасу процесін оңтайландыру міндеті тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы барысында айтты.
-
Әлия Юсупова Гимнастика федерациясын басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды.
-
Шетелде сотталған 280 қазақстандық жазасын өз елімізде өтеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды.
-
Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шалқар Қожаев Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қаланың сәнін кетіріп тұр. Көлгінов LRT құрылысы қашан жалғасатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.
-
Елордада денсаулық паспортын цифрландырудың сервисі әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада денсаулық паспортын 100% цифрландыру, медициналық анықтама берудің заңдылығын тексеру үшін ақпараттық сервис әзірленді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов халық алдында есеп беру кезінде айты.
-
Көлгінов жауыннан кейін елорда судың астында қалмауы үшін не істейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан әкімдігі нөсер канализациясының құрылысы мен тазалығына ерекше көңіл бөледі. Қазір қалада 3 ірі нөсер канализациясының құрылысы мен тазарту құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.
-
Нұр-Сұлтанда газ тарту бағасы 30%-ға арзандады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігіне Теміржол, Көктал-2 ауданының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі ие болды. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
-
Көлгінов биыл елордада 15 мектеп салынатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Біз мемлекеттік бюджетке үміт артып отырмауымыз керек – қала әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Коронавирус: Елордада ПТР-зертхана саны 23-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия басталғалы бері елордада коронавирус инфекциясын анықтайтайтын ПТР-зертханалардың саны 23-ке жеткізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
-
15 мыңнан астам үлескер жылдар бойы пәтерін күтеді. Көлгінов мәселені қалай шешетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Биыл қолжетімді баспана санын 10 мың пәтерге арттырамыз – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Елорда, Ақмола мен Павлодар облыстары «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздің өңірлеріндегі 2021 жылғы 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
Көлгінов пандемия кезінде ШОБ субъектісі 11 мыңға көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты.
-
Бородулиха ауданында иесіз қалған электр желілері теңгерімге алынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Бородулиха ауданының бірнеше ауылында жолдар мен саябақтар жөнделіп, иесіз қалған электр желілері теңгерімге алынады.
-
Медициналық сақтандыру: Атырау облысы үздік үштікке енеді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы халқының саны 660 мыңға жуық болса, 560 мыңнан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы сақтандырылған.
-
Дәрігер: Вакцинация жасамаса, бұл қауіпті жұқпа 5 жылдан артық өмір сүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 ақпаннан бастап вакцинациялау басталды. Ең алдымен Ресейде өндірілген «Sputnik V» вакцинасын COVID-19-бен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері салдырып жатыр.
-
Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Музыкалық жас көрермен театры мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналады.
-
Елімізде КВИ-ден 8, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 10 ақпандағы ақпаратты таратты.
-
Түлкібас ауданында екі жаңа мектеп салынады – Түркістан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында екі жаңа мектеп бой көтереді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы төмендеп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 17 пайызға азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 1233 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1233 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1053 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1053 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сыныптар қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сыныптарға сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.
-
«Мұқағали» фильмі күзде көрсетілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» көркем фильмінің көрсетілімі пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Facebook-тегі парақшасында жазылды.
-
Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жолда қалған 89 адам эвакуацияланды, оның 14-і бала. Құтқаруға 48 қызметкер мен 27 патрульдік автокөлік жұмылдырылды, деп жазды aikyn.kz.
-
Биатлоннан Әлем чемпионаты: Аралас эстафетада 27 команда жарысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 ақпан күні Словенияның Поклюка аймағында биатлоннан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодар облысында міндеттерін дұрыс орындамаған 18 ата-ана анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық тәртіп сақшылары ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған 18 ата-ананы анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қостанайда банктен 205 мың еуро жымқырған экс-банкир 7,5 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында «Еуразиялық банк филиалының» бұрынғы басшысы Мырзабай Шалбаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Atameken Business.
-
Өзбекстан мен Ресейге қатынайтын жолдар ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өзбекстан мен Ресейге қатынайтын жолдарды ақылы ету туралы бұйрықтардың жобасын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
-
Қарағанды облысында жыл соңына дейін 700 мың адамға екпе жасау жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы 700-ге жуық адам екпе алды. Бұл – медицина қызметкерлері. Жыл соңына дейін 700 мыңға жуық тұрғынды вакцинациялау жоспарлануда.
-
2020 жылы Ақсуда 100 мың тонна картоп алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов тұрғындармен есептік кездесуінде өткен жылы Ақсудағы өндірістің қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Наверх