Биатлоннан Әлем чемпионаты: Аралас эстафетада 27 команда жарысады

10 Ақпан 2021, 05:22
1329
Бөлісу:
Биатлоннан Әлем чемпионаты: Аралас эстафетада 27 команда жарысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 ақпан күні Словенияның Поклюка аймағында биатлоннан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде аралас эстафета жеңімпаздары анықталады. Жарысқа қатысуға жалпы есебі 27 команда ниет білдірген, олардың қатарында Қазақстан да бар.

Биатлоншылар бәсекесі Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

Айта кетелік, бұған дейін Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар тізімі белгілі болған.

Әлем чемпионатында сынға  түсетіндер тізімі:

Әйелдер: Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Галина Вишневская-Шепоренко, Людмила Ахатова.

Ерлер: Владислав Киреев, Александр Мухин, Сергей Сирик, Данил Белецкий.

 

Өзгелердің жаңалығы