Елімізде КВИ-ден 8, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

10 Ақпан 2021, 09:11
1290
Бөлісу:
Елімізде КВИ-ден 8, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 10 ақпандағы ақпаратты таратты.

10 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 991 адам коронавирус инфекциясынан (16 188 КВИ+ және 9 803 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген таратылған ақпаратта.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 264 адамның жағдайы ауыр;
• 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Елімізде КВИ-ден 8, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

Сонымен қатар COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек те жарияланды.

2021 жылғы 8 ақпандағы мәлімет бойынша 70 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 268 адам жазылып шыққан, - делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 48 388, өлім жағдайлары - 587, барлығы 37 998 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы