«Мұқағали» фильмі күзде көрсетілуі мүмкін

10 Ақпан 2021, 07:17
1873
Бөлісу:
«Мұқағали» фильмі күзде көрсетілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» көркем фильмінің көрсетілімі пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Facebook-тегі парақшасында жазылды.

Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің фильміне оның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болды. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақын тірісінде лайықты бағасын алмады. Алайда өмірін шығармашылыққа арнаған ақын ешқашан мойыған емес. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде, бірақ осы күзде көрермендер бұл фильмді үлкен экранда көреді деп үміттенеміз, - деп жазылған киностудияның Facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы