Індет кезінде халқымыз бойындағы бар жақсы қасиетті көрсете алды – министр

10 Ақпан 2021, 13:22
1122
Бөлісу:
Індет кезінде халқымыз бойындағы бар жақсы қасиетті көрсете алды – министр
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Айтпай келген індет халықтың игі істердің қасынан табылатынын айқын көрсетті. Біз үлкен ұлт ретінде қалыптасқанымызды көрсеттік. Тәуелсіздіктің ең басты құндылығы да, ең басты мақсаты да осы шығар. Сондықтан індет кезінде еліміз, халқымыз бойындағы бар жақсы қасиеттерді көрсете алды. Бір-бірімізге деген қамқорлық, қайырымдылық, ең бастысы, бірге жұмыс істеуді үлкен жолға қойдық, - деді министр.
балаева3.jpeg

Ол министрлік қоғам институттарымен бірге жұмыс істеруге дайын екенін айтты.

Мақсат, мүдде - бір. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап Елбасымыз ең басты құндылықтың бірі халықтың бірлігі деп анықтады. Сондықтан игі шаралардың басында бір болайық, бірге болайық. 2020 жылдың ұраны «Біз біргеміз!» болатын. Биыл, 2021 жылы да «Біз біргеміз!» ұранын әрі қарай жалғастырып, бірге жұмыс істейік, - деп айтты Балаева.
балаева1.jpeg

Волонтерлік ұйымдардың жұмысы 3 есеге артқанын 2020 жыл көрсетті.

Еріктілер өздерінің жұмысының тек қана бір бағытта емес, барлық бағытта көрсете білді. Сондықтан бүгінгі іс-шараның да бағыттары кеңейетініне сенімдімін. Сондықтан мен азаматтық қоғамның барлық институтына жергілікті жерлерде бастама көтеріп, игі істердің жалпыұлттық акциясына өз үлестерін қосуға шақырамын. Әрине, мемлекеттік органдардағы әріптестеріме жергілікті жерлерде барлық жағдай жасау туралы өтініш білдіргім келеді, өйткені бүкіл науқанның түпкі жетістігі осыған байланысты, - деп түсіндеді өз сөзін Аида Балаева.

Айта кетейік, бүгін ҚазМедиа орталығында «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі өтті.



Өзгелердің жаңалығы