Біз халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді – Ксения Верба

10 Ақпан 2021, 17:20
5430
Бөлісу:
Біз халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді – Ксения Верба
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Барлығы қалаға көңіл бөледі. Алайда біз ауылды дамытып, халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді. Мұндай пікірді елордада өткен «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде «Aitas KZ» АҚ миссиясы мен мақсаты бойынша президенті Ксения Верба айтты. 

Бұл - бізге бизнес қатысушылары үшін өткізілген іс-шаралар туралы айтудың тамаша мүмкіндігі. Алдымен біздің қызметіміз туралы айтып бергім келеді. Біздің компания - 12 компаниядан тұратын холдинг. Бізде өсімдік өсіретін компаниялар және ет өңдеумен айналысатын компаниялар бар, - деді Ксения Верба.

Оның айтуынша, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тақырыбы бойынша компанияда көптеген іс-шара өткізілуде.

Бірақ холдингте біз бұл терминнен аулақ болғымыз келеді. Өйткені біз бұл кез келген бизнестің мақсаты мен миссиясына негізделуі керек деп санаймыз. Яғни, бізде бұл Қазақстан халқына қызмет ету. Ал біздің міндетіміз - ауылдық аумақтарды дамыту арқылы елді тұрақты дамыту. Өздеріңіз білетіндей, барлығы қалаға көңіл бөліп, көмектеседі. Алайда біз ауылды дамытып, халықты қайтадан ауылдық жерлерге қайтарғымыз келеді. Ол үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында бизнесті дамыту үшін аумақтарды Бизнес аумағын тұрақты дамыту қорлары құрылды, - деп атап өтті ол.

Верба атағандай, бұл қор жергілікті жерлерде қауымдастықтарды, билікті, мемлекеттік органдар мен тұрғындарды біріктіреді. Әрбір қорға шамамен 100 млн теңге бөлінеді.

Өткен жылы қорларда жұмыс істеу үшін шамамен 300 млн теңге бөлінді. Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп «Ауыл мектебі» жобасын әзірлеп, ауыл тұрғындары балаларын оқытуға мүмкіндік алуы үшін кабинеттерді жабдықтауға 150 млн теңгеден астам сомаға қаржыландырдық, - деді Ксения Верба.

Ол кез келген кәсіптің жергілікті тұрғындармен бірлесе ақылдасуына және дамуына тамаша мүмкіндігі бар деп санайды. Бұл әр ұйымның басты мақсаты болуы керек.

Өзгелердің жаңалығы