Көлгінов биыл елордада 15 мектеп салынатынын айтты

10 Ақпан 2021, 10:39
2066
Бөлісу:
Көлгінов биыл елордада 15 мектеп салынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі мектеп құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізуде. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда екі есе, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп орын ашылады. Білім сапасы мен оған жағдай жасауға мән беру өте маңызды. Тұрғындар санының артуына байланысты мектептердегі оқушыларға орын жетіспеушілігін қысқарту үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек. 2020 жылы 2019 жылға қарағанда пайдалануға берілген мектетпер саны екі есеге көп, - деді ол. 

Көлгінов атағандай, бұл 11 білім мекемесі бұрын мектеп болмаған тұрғын алаптарында салынды. 

Ол жерлерде бұрын балалар бейімделген ғимараттарда оқыған. Жаңа мектептер үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек бірқатар мектеп қазандық жылытудан орталықтандырылған жылытуға көшірілді. Бұл - мектептерге тек жылыту бойынша жыл сайын 100 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. 2021 жылы 15 ірігабаритті мектептер салатын боламыз. Бұл 40 мың орын ашуға мүмкіндік береді, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. 

Ол 5 жылдық кешенді жоспар аясында 50 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отырғанын айтты. Мектеп құрылысына жеке инвесторлар да тартылатын болады. 

Өткен жылы 26 білім нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын табатын болады, - деді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы