Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

10 Ақпан 2021, 20:09
3110
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бас көлік прокуратурасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты бірлескен іс-шаралар нәтижесінде Нұр-сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшылығының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесті. 

8 ақпанда осы инспекция басшысының міндетін атқарушы К есімді азамат әшкереленді, ол Ш есімді азаматтан Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу туралы жалған актілер беру жөніндегі заңсыз қызметіне жалпы қамқорлығы үшін ақшалай сыйақы алды деп күдіктелуде, - делінген хабарламада. 
Бас көлік прокуратурасы хабарлағандай, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі миллион теңгеден астам ақша табылып, тәркіленген. ​ 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ​Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеген, - деп атап өтті ведомствода.

 


Өзгелердің жаңалығы