Қашықтан жұмыс істеу заңдастырылатын болды

10 Ақпан 2021, 11:55
1654
Бөлісу:
Қашықтан жұмыс істеу заңдастырылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсеткенін айтты.

Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады, - дейді Жәмилә Нұрманбетова.

Депутаттар бұл заң жобасынан оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелер күтілетінін атап өтті.

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін әзірлейді.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында шетелде сотталған қазақстандықтардың жазасын өз елімізде өтеу мүмкіндігі және мектептерде қазақ тілін оқытуға байланысты мәселе қаралды.

Өзгелердің жаңалығы