Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасын таныстырды

10 Ақпан 2021, 14:56
2977
Бөлісу:
Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасын таныстырды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚазМедиа орталығында өткен кездесуде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасын таныстырды.


«Қайырымды істер марафоны» нені білдіреді? Ең алдымен, мемлекет, бизнес және еріктілердің ынтымақтастығы, серіктестігі, өзара қолдауы. «Қайырымды істер марафоны» - бұл адамдар мен ұйымдарды біріктіретін қайырымдылық қозғалысы. Жомарттық, жақсылық пен қайырымдылық – бұл қоғамға өз үлесін қосуға және басқа адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелуге мүмкіндік беретін негізгі құндылық, - деді ол.

«Қайырымды істер марафоны» түбі жомарттық пен қайырымдылық идеясын көздейтін қоғамдастықты құруға ұмтылады.

Лима Диас марафонның негізгі тетігі туралы айтты.

«Қайырымды істер марафоны» нақты құрылым құруға, көмек пен қолдауға негізделеді. «Қайырымды істер марафонын» ұйымдастыру комитеті марафонға қатысушыларға әдістемелік, ақпараттық, түсіндіру және ұйымдастырушылық көмек көрсететін болады. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үйлестіретін ұйымдастыру комитеті - бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы, - деп түсіндірді ол.

Диастың сөзінше, ұйымдастыру комитеті марафон барысында өтетін барлық іс-шараны жоспарлап, ақпарат таратады. Осы ретте бірыңғай ақпараттық кеңестік құрылады. Ол жерде донор, қайырымдылық ұйымы, ерікті санатында марафонға қатысушылар тіркеле алады.

Айта кетейік, марафон аясында өтетін барлық іс-шараны комитет интернет желілерінде және республикалық БАҚ-та жариялайды.

«Қайырымды істер марафонының» бірыңғай күнтізбесі жасалады. Ол тақырыптық, гуманитарлық және әлеуметтікке бағдарланған халықаралық ұлттық мерекелерді атап өтілетін күнтізбе. Күнтізбе марафонға қатысушылар үшін «бағдар» береді, онымен акцияларды жоспарлауға, күнделікті «қайырымды істерді» атап және тіркеуге болады, - деді Лима Диас.

Сонымен қатар марафон аясында «Ең қайырымды қала», «Ең қайырымды ұжым» конкурстары ұйымдастырылады.


Өзгелердің жаңалығы