Жас депутат 100 отбасына азық-түлік таратты

10 Ақпан 2021, 22:05
1835
Бөлісу:
 Жас депутат 100 отбасына азық-түлік таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тайқазан» жобасы аясында «Келес-Абай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен игі іс-шара өтті.  

Қайырымдылық іс-шарасына Келес аудандық мәслихатының депутаты Әбдімәлік Мұхтар Аманкелдіұлы  айрықша үлес қосты.

Аудандық мәслихаттағы ең жас депутат, 22-ге енді толған азамат әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына азық-түлік таратуға демеушілік жасады.  Ел алдында берген уәдені орындау  басты мақсаты екенін айтқан ол депутаттық жұмысын игі іспен бастады.


Елдің, партияластарымның қолдауымен «Nur Otan» партиясының праймеризі әрі жастар квотасы арқылы мандатқа ие болдым. Мақсатым – ел сенімін ақтау. Партия бағдарламасындағы міндеттерді орындауға бар күш-жігерімді саламын, – дейді Мұхтар Аманкелдіұлы.

Азық-түлік пен тұрмысқа қажеті заттар салынған қораптарды Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жастары мен «Jas Otan» жастар қанатығың еріктілері тұрғындарға таратып берді.  Көмекке ие болған тұрғындар депутат пен жергілікті имамдарға, ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді.

Бүгінде Келес аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары тұрғындармен кездесіп, жүйелі  қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Әрбір тұрғынның өтініші мен талап-тілегі арнайы тіркеліп, жұмыс жүргізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы