Түймебаев қызметінен босатылды

10 Ақпан 2021, 17:28
3327
Бөлісу:
Түймебаев қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жансейіт Түймебаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жансейіт Түймебаевтың ҚазМУ-ға ректор болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы