Бұл – таза қылмыс. Көлгінов құдықтың үстінен асфальт төсеген мердігерлерді жазғырды

10 Ақпан 2021, 12:46
1477
Бөлісу:
Бұл – таза қылмыс. Көлгінов құдықтың үстінен асфальт төсеген мердігерлерді жазғырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. 

Есіл ауданының тұрғыны көшелерде жүру қауіпсіз емес екенін айтып, әкімнен жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстары қашан толығымен аяқталатынын сұрады. Ол жақында елордалық әйел ашық тұрған құдыққа түсіп кеткенін мысалға алды. 

Әйелдің құдыққа түсіп кетуі туралы дерек бойынша, мердігерлер бірнеше жыл бұрын жол құрылысы кезінде жұқа металл қағазымен құдықты жауып, үстінен асфальт төсеп жіберген. Меніңше, бұл – таза қылмыс. Төтенше жағдай қызметкерлері полициямен бірлесіп, жедел жұмыс атқарып, әйелді құтқарды. Біз ол учаскені тексердік. Мердігер жолды толық аяқтамай, нысанды тапсырмаған. Жоспар бойынша Хусейн бен Талал көшесінде құрылыс жалғасады, - деді ол. 

Көлгінов атағандай, жоба әзірге «31-ші көше» деп аталатынын айтты. 

Нұра өзенінің каналынан кейін көпір арқылы 188-ші көшеге дейін жол салынады. Жарықтандыру бойынша аудан әкімдігімен бірлесіп мәселені шешеміз, - деді ол. 

Айта кетейік, 3 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда әкімі «Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма?» деген сауалға жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы