Нұр-Сұлтанда газ тарту бағасы 30%-ға арзандады

10 Ақпан 2021, 10:43
1351
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда газ тарту бағасы 30%-ға арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігіне Теміржол, Көктал-2 ауданының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі ие болды. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Оның айтуынша, елорданы газбен қамту үш кезеңмен жүзеге асады. 

Газ тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды  - 300 км газ тарату желісі салынды. Бірқатар тұрғын алап тұрғындары биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігін алды. Бұған қоса, қазір Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Газдандыру зиянды қалдықтардың атмосфераға тарауын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ЖЭО-1 және ЖЭО-2  қазандықтарының бір бөлігі газға ауысты, - деді Алтай Көлгінов.

Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, әкімдік монтаж жұмыстарының құнын төмендету бойынша жеке ұйымдармен келіссөздер жүргізді. Осылайша, үй ішіне газ тарту бағасы орташа алғанда 30%-ға арзандады (газ құрылғысы мен құрамдастарының құны кірмейді). Есептегіштерді мемлекет қалалықтарға тегін береді.

Еске салсақ, тұрғын алаптарына газ тарату желілерін салу, оның ішінде үй  маңындағы кварталішілік желілерді салумен Нұр-Сұлтан әкімдігі айналысады. Ал үйдің ішіне жүргізумен жеке ұйымдар айналысады. Тұрғындар кез келген мамандандырылған компанияны таңдауға құқылы.

Газбен қамтудың ішкі желілері тартылған тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО) бара алады. Бұл ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен және қосумен айналысады, сондай-ақ оның одан арғы пайдаланылуына жауап береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл елордада 15 мектеп салынады.

Өзгелердің жаңалығы