Биыл мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша 50 саяси қызметші оқытылады

10 Ақпан 2021, 12:49
2230
Бөлісу:
Биыл мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша 50 саяси қызметші оқытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова агенттіктің алқа отырысында айтты.

Өткен жылы Агенттік саяси мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жұмысын бастады. Сингапурдың Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев университеті іске асырған «Жаңа формация басшысы» атты саяси қызметшілерді оқытудың бағдарламасы алғаш рет енгізілді. 2020 жылы бағдарламаға 50 саяси қызметші қатысты. Олардың арасында вице-министрлер, әкімдердің орынбасарлары, Президент Әкімшілігі бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Президенттік кадр резервінде тұрған жастар бар. Бағдарламаға қатысушылар 10 апталық курс барысында негізгі қызметтерінен қол үзбей, үш негізгі құзыреттілік блогы бойынша біліктіліктерін арттырды: «Жаһандық көзқарас», «Тиімді коммуникациялар» және «Трансформациялық көшбасшылық». Сабақтарды отандық және шетелдік бизнес-тренерлер мен коучтер өткізді. 2021 жылы тағы 50 саяси қызметшіні оқыту жоспарлануда, - деді ол.

Сондай-ақ, алқа отырысы барысында Анар Жайылғанова биыл қанша саяси қызметші ротацияға жататынын айтты.


Басшылардың басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану мақсатында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен саяси қызметшілердің ротациясы енгізілді. Саяси қызметшілер тағайындалған күннен бастап әр төрт жыл сайын ротациядан өтеді. 2021 жылы 67 саяси қызметші ротацияға жатады, - деді ол.

Айта кетейік, агенттік төрағасы бұған дейін өткен жылы елімізде 15 мыңнан астам құқықбұзушылыққа жол бергені үшін 360 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеген болатын.



Өзгелердің жаңалығы