Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? Көлгінов жауап берді

10 Ақпан 2021, 12:34
3963
Бөлісу:
Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? Көлгінов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуі барысында айтты. 

Қала әкіміне аудан тұрғындарынан толассыз сұрақтар келіп жатыр. Соның бірі Қосшы ауылының мәртебесіне қатысты болды. Оған Көлгінов жауап берді. 

Қосшы қазір ауыл емес, үлкен қала болды. Біз Ақмола облысының әкімдігімен тығыз байланыстамыз. Есіңізде болса, өткен жылы карантин кезінде Қосшыны блок-бекеттің ішіне қостық. Себебі тұрғындардың басым көпшілігі қалаға келіп жұмыс істейді, емделеді, білім алады. Қалада тұрғындар үшін барлық қызмет ашық, - деді Көлгінов. 

Қала әкімі Қосшы сияқты бірқатар елді мекен бар екенін тілге тиек етті. 

Үлкен қаланың айналасында тап осындай елді мекендердің болуы заңды. Ешкім сіздерді шектемейді. Барлық қызметті қаланың тұрғындарымен бірдей ала аласыздар. Елорда маңында 16 елді мекен бар, оларда 300 мың халық тұрады. Олардың да біраз мәселелері бар. Біз әкімшілік-аумақтық бөлімі бойынша заңға сәйкес жүзеге асырамыз. Ақмола облысының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе жұмыс істейді. Оны қалаға қосу бойынша ешқандай жоспар жоқ. Себебі өзге елді мекендер бойынша да мәселелерді шешу керек, - деді Көлгінов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алтай Көлгінов LRT қаланың сәнін кетіріп тұрғанын және оның құрылысы қашан жалғасатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы