Елордада денсаулық паспортын цифрландырудың сервисі әзірленді

10 Ақпан 2021, 11:00
2092
Бөлісу:
Елордада денсаулық паспортын цифрландырудың сервисі әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада денсаулық паспортын 100% цифрландыру, медициналық анықтама берудің заңдылығын тексеру үшін ақпараттық сервис әзірленді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов халық алдында есеп беру кезінде айты.

Оның айтуынша, берілген анықтамаға QR-код қондырылған, яғни сканерлеу арқылы оның растығын тексеруге болады.

Сонымен қатар шаһар басшысы елорданы цирфрландыру бағытында инженерлік желілер мен ғимараттарды цифрлау, «ақылды шлагбаумдарды» енгізу, көлік жүйесін электронды төлеммен 100% қамту, «Қауіпсіз аула» және өзге де жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті.

Бұдан бөлек ата-аналар мен жеткізушілердің өтінішімен мектептердегі тамақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу автоматтандырылды. Сондай-ақ автобустар жүйесі 100% электронды төлеммен жарақтанды. Бұл -  көлеңкелі айналымнан 40% қаржыны алып шығуға мүмкіндік берді. Пандемия кезінде жүргізушімен байланыс төмендетілді. 

Интеллектуал камераларды орнатудың арқасында көшелердегі жол-көлік оқиғалары 40 пайызға, өлім саны екі есеге азайды. Жол қозғалысының өкілдері тәртіпті бола бастады. Нұр-Сұлтан қаласының интеллектуал көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға ие болды, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов

Тұрғындардың өтініші бойынша қала аулаларының қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырылуда. Орнатылған камералар ұрлық, өзгенің мүлкіне қол сұғу сияқты және басқа да қылмыстарды азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін есептік кездесу барысында Көлгінов жауыннан кейін елорда судың астында қалмауы үшін не істейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы