Мақсұтбек Айтмағанбет: Волонтерлік – қазақтың қанында бар дүние

10 Ақпан 2021, 13:02
2732
Бөлісу:
Мақсұтбек Айтмағанбет: Волонтерлік – қазақтың қанында бар дүние
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуінде «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры Мақсұтбек Айтмағанбет айтты.

Сөз басында ол «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры 15 жыл бойы әр түрлі салада қайырымдылық жасап келе жатқанын айтты. Қоғамдық қордың құрылтайшысы - Исламбек Салжанов.

«Адамдар неге көмектеседі?» деп сұрап жатады. Шынына келгенде кәсіпкерлер аяғы салбырап аспаннан түскен жоқ. Олар да осы қоғамның азаматтары. Ол (ред. – қордың құрылтайшысы) ауылдан шыққан. Кезінде балабақшаға бара алмағандықтан өз ауылында 150 адамға арналған заманауи балабақша салған. Кейін мемлекетпен бірігіп Ақтөбе облысында мұражай тұрғызған. Айта берсек, жасап жатқан әр түрлі саладағы қайырымдылық шараларымыз көп, - дейді ол.
максутбек1.jpeg

Оның айтуынша, қоғамдық қор Ақтөбе облысы бойынша ауылдан шыққан балаларды ҰБТ-ға дайындап, шетелге оқуға түсуге дайындау мақсатында I-qanat бағдарламасы бойынша қаржылай көмек көрсетуде. Одан бөлек, қазақ тіліне қажетті тарихи кітаптарды аударып, таратып жатыр.

Қазақ тілін қолдау мақсатында балаларымыздың қазақ тілін үйренуі үшін Disney-дің «Тачки» фильмін қазақ тіліне аударылды, - деп айтты меценат.
максутбек2.jpeg

Ол қазақ тілі, тарих, мәдениет және басқа да салаларда қайырылымдылық жоспарлары жалғасын табатынын айтты.

Сондай-ақ, Волтонтерлер жылы бір жылмен тоқталып қалмай, әрі қарай да жалғасын тауып келе жатқаны қуантатынын жеткізді.

«Меценат», «волонтерлік» деген сөздер шетелден енгенімен бұл қазақтың қанында бар дүние. Қазақ жерінде ешқашан да халық далада қалмаған. Біздің жерімізде түрме салынбаған. Адамдарға қайырымды болғанбыз. Жетім мен жесір далада қалмаған. Мұның бәрі бұрыннан келе жатқан қанымызда бар дүние. Мұны ұмытпай, қайта жандандыруымыз керек. Қайырымды істерді жалғастырайық! – деп айтты ол өз сөзінде.


Өзгелердің жаңалығы