Көлігі жоқ азаматтардың атында көлік тіркеуде тұр. Не істеу керек?

10 Ақпан 2021, 13:32
3570
Бөлісу:
Көлігі жоқ азаматтардың атында көлік тіркеуде тұр. Не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлік субъектілерге арналған «E-Salyq Azamat» қосымшасында кейбір азаматтардың атында 15 жылдан бері жоқ көліктің әлі тіркеліп тұратын жағдайлары кездесіп жатады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мұндай жағдайда не істеу керегін айтты.

Түрлі жағдайлар болады. Мысалы, азамат бұрынғы көлігін сенімхат бойынша сатып жіберген болса, ол сол көліктің иесі ретінде базада тіркеліп тұра береді. Ал азамат көлігін есептен шығардым деп ойлайды. Сондықтан, мұндай жағдайда түзету функционалы арқылы мәртебені өзгертуге қатысты өтініш беру қажет. Мұндай қателіктер, өкінішке қарай, әлі де кездеседі, - дейді ол. 

Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, мобильді қосымшаның негізгі мақсаттарының бірі – ақпараттар базасын жаңарту.

Азамат мұндай жағдайларда түрлі органдарға барып жүрмес үшін тиісті құжаттарды жүктеп, «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы өтініш жібереді. Бұл қосымшаның негізгі мақсаттарының бірі осы, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы