Маска шешуге қашан рұқсат беріледі?

10 Ақпан 2021, 17:15
2331
Бөлісу:
Маска шешуге қашан рұқсат беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қандай жағдайда маска тақпауға рұқсат берілетінін айтты. 

Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, халықтың 60 пайызы вакцина салдырмай, маска шешуге болмайды, - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцина басталған болатын. 10 ақпандағы жағдай бойынша, 13 301 медицина қызметкері вакцина салдырған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинацияны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алатынын, одан кейін қатарға педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы