Цой қандай вакцинаны салдыратынын айтты

10 Ақпан 2021, 17:41
3697
Бөлісу:
Цой қандай вакцинаны салдыратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді. 

Қазақстанда вакцинацияға рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және қауіпсіз. Қазір ресейлік «Спутник V» вакцинасын министрліктегі, өңірлік Денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр. Оның технологиясы өзгеше. Бұл - инактивтендірілген вакцина. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр және біздің қатаң бақылауымызда, - деді Цой.

Министрдің айтуынша, бүгінде үш мың ерікті екпе салдырып үлгерген.

Вакцина жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мен Денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Вакцина шыққан соң Қазақстанда вакцинациялауға ресми түрде рұқсат етілген кезде, алғашқылардың бірі болып отандық вакцина салдырамын, - деді ол.

Айта кетейік, министр бұған дейін елімізде 13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салдырғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы