Жол саласындағы мемлекеттік кәсіпорын халықаралық жол сапасын тексеру құқына ие болды

10 Ақпан 2021, 18:05
1492
Бөлісу:
Жол саласындағы мемлекеттік кәсіпорын халықаралық жол сапасын тексеру құқына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бүгін халықаралық сертификатқа ие болды. Тиісті құжаттарды реттеу шарасы сегіз айға созылды. 

Енді осы мемлекеттік кәсіпорын мамандары Еуропадағы жол сапасын тексеретін мекемелермен бірдей дәрежеге ие болады. 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК «CERT International» менеджмент жүйелерін сертификаттау органы өткізген ISO стандарты бойынша сертификаттаудан өтті. Аудит нәтижелері бойынша Орталықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі ISO 37001:2016 стандартының талаптарын қолдану аясымен сәйкестігі расталды. Оның қатарында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау, сондай-ақ, жол активтерін басқару тетіктері бар, - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» баспасөз хатшысы Нұрбол Алманов.

Өзгелердің жаңалығы