Бородулиха ауданында иесіз қалған электр желілері теңгерімге алынады

10 Ақпан 2021, 10:10
2149
Бөлісу:
Бородулиха ауданында иесіз қалған электр желілері теңгерімге алынады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Бородулиха ауданының бірнеше ауылында жолдар мен саябақтар жөнделіп, иесіз қалған электр желілері теңгерімге алынады.

Аудандық маңыздағы жолдарды қалпына келтіру биылғы басты мақсаттарымыздың бірі болмақ. Бүгінгі таңда Ивановка ауылындағы Молодежная көшесінің шығаберісіндегі бір шақырымдық бөлігін, сонымен қатар «Березовка» шипажайына апаратын жолдың 0-ден оныншы шақырымына дейінгі аралықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталмыш жобалар бойынша аудан әкімінің атына хат жолданған, - дейді тұрғындар сауалына тікелей эфирде жауап берген Новодворовка ауылдық округінің әкімі Марина Досмағамбетова.

Сонымен қатар Березовка подхозы елді мекеніндегі №76 трансформатор мен жалпы ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын иесіз электр жерлерін заңдастырып, аймақтық электр компаниясының теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілмек. 

Осыған дейін ауыл тұрғындары берілетін электр қуатының аздығын, қаусаған желілерді күтіп-ұстауда проблемалар барын айтып, шағымданып келген.

Бұл жұмыстар биыл қолға алынса, халықтың басын ауыртып, балтырын сыздатқан мәселе, осылайша, біржақты етілмек.

Қоса кетсек, өткен жылы аталған ауылдық округтің елді мекендеріндегі 112 жарық бағанына күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізген «Энерго Строй Сервис» ЖШС-і Ивановка ауылындағы Молодежная, Сосновка ауылындағы Центральная көшелерінің жарық бағандарын бояп, екі көшедегі электр щиттеріне құлыптар орнатып, жарық шамдарын ауыстырған. 

Сонымен қатар Березовка подхозы елді мекеніндегі көше шамдарына дайындық актісі жасалып, іске қосылды.


Өзгелердің жаңалығы