Қарағандыда балаларға стоматологиялық көмек көрсету орталығы ашылды

10 Ақпан 2021, 13:51
2948
Бөлісу:
Қарағандыда балаларға стоматологиялық көмек көрсету орталығы ашылды
PHOTO

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық стоматологиялық емхананың базасында ашылған орталық 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге жедел және жоспарлы қызмет көрсететін болады. Орталық заманауи құралдармен жабдықталған.

Облыстық стоматологиялық емханада 21 дәрігер, 14 медбике жұмыс істейді. Балаларға, жүкті әйелдерге жедел және жоспарлы түрде тегін қызмет көрсететін стоматологиялық орталық итальяндық, жапондық және германиялық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Бұрын бұл ғимаратта облыстық жақсүйек-бет ауруханасы орналасқан болатын. Аталған аурухана облыстық медицина орталығымен біріктірілгеннен кейін ғимарат облыстық стоматологиялық емхананың иелігінде қалды. Сондықтан да, біз осы бос аумақта балаларға стоматологиялық көмек көрсететін орталық ашу жайлы шешімге келдік. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жасалып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазіргі уақытта орталықта итальяндық өндірушінің «Tempo Universal» стоматологиялық жабдығы, германиялық автоклав жабдығы бар. Ал, хирургиялық кабинетке жапондық құрал-жабдықтар сатып алынды,- дейді емхананың директоры Мұрат Тайшиков.

стом1.jpg

Емхана директорының айтуынша, жапондық компанияда шығарылған стоматологиялық жабдық медициналық құралдарды ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің қолын да зарарсыздандырады.

Дәрігердің қолын зарарсыздандыру емделушінің қауіпсіздігі үшін жасалатын стерилдеудің басты тәртібі деп ойлаймын. Жалпы орталықта құралдардың барлығы күнделікті зарарсыздандырылады. Дәрігерлер жұмыс істеген медициналық жабдықтар толықтай термиялық және химиялық тазалаудан өтеді, - дейді Тайшиков.

Дәрігерлердің айтуынша, ересектер мен балалардың тісін емдеуде көптеген өзгешеліктер бар.

Балаларға стоматологиялық көмек көрсеткенде оларға ерекше жағдайда қарау қажет. Сондықтан да, біздің дәрігерлер тек ғана дәрігер-стоматолог емес, дәрігер-психолог қызметін де қатар атқарады. Ал балалардың тісін емдеуге келетін болсақ, 3 жасқа дейінгі балдырғандарға артекариндық анестезияны салуға болмайды. Оның орнына заманауи анестезия түрлері салынады, оларға септонес, ультракаин сияқты препараттар жатады. Ал 12 жастан асқан балаларға ледокаин препаратын қолдануға болады. Бірақ аталған анестезияға әр баланың ағзасына әртүрлі реакция беруі мүмкін, Сондықтан да, дәрігерлер міндетті түрде баланың аллерго статусын білуі қажет. Жалпы кез келген бала тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханада аллергоскрин талдамасын тегін ала алады. Ал анестезия мөлшері баланың салмағына қарай салынады, - дейді стоматологиялық емхананың меңгерушісі Елена Нам.

 стом2.jpg

Өзгелердің жаңалығы